0 дауыс
979 көрілді
Ауыл шаруашылығы саласында картоп өсірушілерге мемлекеттен субсидия бар ма?

2 жауап

+1 дауыс

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 Қаулысына сәйкес облысымызда ауыл шаруашылығы дақылдарының 2013 жылға арналған тізбесі және субсидиялардың 2013 жылға арналған нормалары облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Ауыл шаруашылығы дақыл-дарының тізбесіне картоп дақылы да енген. Оған белгіленген норма бойынша әр гектарға 50 мың теңге көлемінде субсидия төленеді. Субсидия тек ауыл шаруашылығы құрылымдарына беріледі.

Тұқым шаруашылығын дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидия қарастырылған. Республикалық бюджеттен субсидия ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде (күнбағыстан басқа) элиталық тұқым сатып алған ауыл шаруашылығы құрылымдарына беріледі. Олар өз кезектерінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын арзанда-тылған, белгіленген шекті бағамен сатады.

0 дауыс
Ауылшаруашылығы саласында, өсімдік болсын, мал шаруашылығы болсын субсидия төленеді. Тек сіздің картобыңыздың түсімі мен жер көлемі үлкен болу керек. Кішігірім жерге субсидия төленеді, бірақ өте аз мөлшерде. Нақты ақпаратты ХҚКОнан біле аласың.
...