+3 дауыс
11.3k қаралым
Өз аумақтарыңда қандай диалект сөздер айтылады

18 жауап

+1 дауыс
Бiздiн аумақ Солтүстік болған соң ба, -ватсын дегенді коп косамыз сөзге . А так барi жақсы)) Негізi барлық аймақтың диалектiн түсінемін, қатты қазақи сөз болмаса.
Бізде бақыраш деп айтады, кеде тіпті аяқ дей салады (аяқ - бізде ыдыстың жалпы атауы)
+3 дауыс
Солтүстіктенмін, бізде қабырғаны жар дейді, көбісі бешбармақты ет нан дейді,  шашты байлауды буу дейді...
+3 дауыс
Манғыстаудың тұрғынымын. Бізде –шиш  дегенді көп қолданады. Баршиш,келшиш т.с.с.
бір ерекшелену керек қой)
–2 дауыс
шымкентті айпасамда болатын шығар (шшеш,,,,)
Қазақ тілін ластамайық, ағайын. Мен оңтүстіктенмін деп айта берудің қажеті жоқ.
+1 дауыс
бізде кейбір сөздерді қысқа айтады,мысалы не естеп атсын дегендей
+3 дауыс
Шымкентте əпке - əпше дейміз, аға - тəте, шли - слишком-ның қасқаша версиясы)) қалғандары есіме түссе тағы қосамын))
Пішшшииоон!
+3 дауыс
Бізде Шығыс жақтың диалект сөздері қиярды-әгүршік, оңтүстік жақтарда сым дегенді -шалбар дейміз, сым деген ол проволка деген сөз, құтты болсын дегенді-қайырлы болсын дейміз...

тағы есіме түскендері болса жазамын)))
Ағұршұқ деп батыста да айтады
+3 дауыс
Қызылорда облысында: азан - таңертең, ақұдай - айналайын, әтешкүр - шымшуыр, көпшік - жастық, зәңгі - саты, шопақ - тұқым т.б. сөздер бар.
ауылға барсаң білесің
0 дауыс
Женге-жеңіше, ата-анасын аға-апа. Үлкен адамдар айтады біздер мама-папа дейміз ғо, бас киімді-топпы, малақай, сіріңкені-шырпы, күкірт, арықты-салма,жап. Есіме түскенін соң жазамын.
бар ғой жалпы ! Таздардың көбі негізі Жылыойда ғо!
0 дауыс
Біздің Қызылордада көп сөздер қысқартылған мысалы:анаяқ-анажақ,мынаяқ-мынажақ,сояқ-солжақ,бұяқ-бұлжақ деген секілді.
Қызылордаяқта мысалға
0 дауыс
Әр жақта әр түрлі ғой. Диалект сөздерді білгің келсе арнайы "сөздіктер" бар. Белгілі бір жерде диалект сөздер болғанымен оны кейбірі қолданады, кейбірі қолданбас.
0 дауыс
ОҚО(Шымкент, Сарыағаш, Түркістан, Арыс, Жетісай т.б.)...::: 1.қияр - бәдірен, 2.кесе - пиала, 3.сіріңке(спичка) - кеуірт, 4.ана жақ - анаяқ, 5.мына жақ - мынаяқ, 6.алып бер - әпер, 7.алып кел - әкел, 8.отырсаңшы - отырсай немесе отсай, 9.бесбармақ - қамыр, 10.бесбармақ жасау - ет асу, 11.әпке - әпше, 12.аға - тәте, 13.үлкен тәрелке - леген, 14.жұмыртқа - тұқым, 15.бөлме - там, 16.картоп - картошка, 17.үлкен - дәу, 18.самаурын(самовар) - самауыр, 19.шай қайнататын шәйнек - шәугім, 20. Әкеміз жақтан туысқан аға немесе кез-келген үлкен кісі - көке 21. Нағашы аға - таға, 22. Қайын іні кейбір жерлерде балдыз - қайын... Тағы басқа да көп диалектер бар, есіме түспей тұр) P.S. Сызықшадан кейінгілер "Шымкентше" диалектер..
шымкентте шәйнек дейді,
пиаланы кесемен ішемекен сонда?
Шәйнекпен пиалаға құйып шай ішеді, шәугіммен суды қайнатады, кесемен сорпа т.б. ішеді.
0 дауыс
Эм.. Алматы облысында тұрамын.  "Шалбар" дегенді "сым" деп айтамыз. Бұдан басқа диалект сөз жоқ қой деймін. Қазақ пен орыстың, ағылшынның  сөздерін араластырып айтатынымыз  бар сосын   (:
как-то так
0 дауыс
Атырау жақта:

Шиш жалғауымен қолданамыз.кейде әрине.

Сосын Медди айтқандай кейбір сөздерді біздерде қолданамыз мысалы

Ана жақ-қысқа түрінде анаяқ кейде ана жақ дейміз.

Азан деген сөзді Таңертең деп айтамыз

Бешбармақты -Етнан дейміз

Болды есіме түспей жатыр.
0 дауыс
Атырау жақта шиш сөзі шынымен де көп қолданады.
0 дауыс
Негізі диалект сөздердің барлығы біздің Қызылорда жақта ау дим. Біз сөйлесек жұрт күледі ғой осы. Базар жоқта Тұрсынбек те айтады ғой біз жақты.
0 дауыс
Біздің (батыстың) "Не зат" деген сөзін қызық көреді, бізде "Не зат" деген - немене?, анау не? анау кім? естімедім? не айттың? (тіпті кейде сен кімсің?) деген сұрақтар ретінде айтыла береді. Мысалы атын атап шақырғанда да "не зат" деп барсаң ешкім таңғалмайды.
0 дауыс
Мен ОҚО-да тұрамын  дикалект сөздер бар деп ойламаппын ешқайда шықппрағанмын
127,974
сұрақ
322,914
жауап
153,166
пікір
73,056
қолданушы
...