+3 дауыс
9.0k көрілді
Өз аумақтарыңда қандай диалект сөздер айтылады

18 жауап

+1 дауыс
Бiздiн аумақ Солтүстік болған соң ба, -ватсын дегенді коп косамыз сөзге . А так барi жақсы)) Негізi барлық аймақтың диалектiн түсінемін, қатты қазақи сөз болмаса.
-ватсын диалект емес, -жатырсын жұрнағының қысқартылған түрі
Иа бiлем. Диалект сөз жоқ болса немдi жазам енді
Белгісіз
керісінше "айғайла" емес пе?
"Бақыр" сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі - су ішуге арналған құралды айтады. Екіншісі - Мирас айтқандай.
Сол ғой су ішетін құралды айтандарың ғой диалект
Ол құралды "бақыраш" не "қолбақыр" деп айтылған нұсқаларын да естігенмін. Сіздерде қалай айтылады сонда?!
Бізде бақыраш деп айтады, кеде тіпті аяқ дей салады (аяқ - бізде ыдыстың жалпы атауы)
+3 дауыс
Солтүстіктенмін, бізде қабырғаны жар дейді, көбісі бешбармақты ет нан дейді,  шашты байлауды буу дейді...
+3 дауыс
Манғыстаудың тұрғынымын. Бізде –шиш  дегенді көп қолданады. Баршиш,келшиш т.с.с.
-шиш жалғауы диалект емес, барсайшы, келсейсейші етістіктеріның тез айтылған түрі, бұл нағыз әдеби тіл
бір ерекшелену керек қой)
Белгісіз
–2 дауыс
шымкентті айпасамда болатын шығар (шшеш,,,,)
Ол айтып мақтанатын нәрсе емес. Қызылорда да "шешең" деген сөз көп айтылады.
әһәһәһ...
енді өзінің айтқысы келгенін мен ашып беріп жатрм ғой
Белгісіз
Қазақ тілін ластамайық, ағайын. Мен оңтүстіктенмін деп айта берудің қажеті жоқ.
+1 дауыс
бізде кейбір сөздерді қысқа айтады,мысалы не естеп атсын дегендей
+3 дауыс
Шымкентте əпке - əпше дейміз, аға - тəте, шли - слишком-ның қасқаша версиясы)) қалғандары есіме түссе тағы қосамын))
Әпшу деген не?
Пішшшииоон!
Белгісіз
+3 дауыс
Бізде Шығыс жақтың диалект сөздері қиярды-әгүршік, оңтүстік жақтарда сым дегенді -шалбар дейміз, сым деген ол проволка деген сөз, құтты болсын дегенді-қайырлы болсын дейміз...

тағы есіме түскендері болса жазамын)))
қонақтарға жатқан жерің жайлы болсын деп айтылама
Белгісіз
жоға жатқан жері жайлы болсын деп өмірден озған жандарға ғана айтылады
құтты болсын дей салады дағы)
Белгісіз
Қайырылы болсын деген сөз барлық жағдайда да айтыла береді, (қуанышта да, қайғыда да) себебі арты қайырлы болсын (жақсылық болсын) деген сөзден шыққан
Әңгүршік ол түснікті, оргурец деген сөзден шыққан, ал неге қауынды (әңгелек) қарбыз дейтіндеріңді түсіне алмадым
қауын, қарбыз бұлар арбуз деген сөз, ал дыня-ол дін)))
Ағұршұқ деп батыста да айтады
+3 дауыс
Қызылорда облысында: азан - таңертең, ақұдай - айналайын, әтешкүр - шымшуыр, көпшік - жастық, зәңгі - саты, шопақ - тұқым т.б. сөздер бар.
Шымшуыр деген не?
әтешкүр деген не
Шымшуыр деген самаурынға шоқ салуға арналған аспап.
самаурын дегенді қолданбаған соң білмеймін
ауылға барсаң білесің
Белгісіз
0 дауыс
Женге-жеңіше, ата-анасын аға-апа. Үлкен адамдар айтады біздер мама-папа дейміз ғо, бас киімді-топпы, малақай, сіріңкені-шырпы, күкірт, арықты-салма,жап. Есіме түскенін соң жазамын.
жоқ ,қай регион деп тұрмынғой
Қарақалпақстан..........
Белгісіз
дүріс дүріс руын КІМ???
Белгісіз
Кіші жүз - 12 ата байұлы - таз - бес сары. Өзіңдікі?
Белгісіз
Кіші жүз - Байұлы - Беріш - бес қасқа :D    Орал жақтан бес сарылар жайлы естіген сияқтымын!
Белгісіз
Қызық бұл жерде таздар бар ма екен?
Белгісіз
бар ғой жалпы ! Таздардың көбі негізі Жылыойда ғо!
Белгісіз
0 дауыс
Біздің Қызылордада көп сөздер қысқартылған мысалы:анаяқ-анажақ,мынаяқ-мынажақ,сояқ-солжақ,бұяқ-бұлжақ деген секілді.
Қызылордаяқта мысалға
Белгісіз
0 дауыс
Әр жақта әр түрлі ғой. Диалект сөздерді білгің келсе арнайы "сөздіктер" бар. Белгілі бір жерде диалект сөздер болғанымен оны кейбірі қолданады, кейбірі қолданбас.
0 дауыс
ОҚО(Шымкент, Сарыағаш, Түркістан, Арыс, Жетісай т.б.)...::: 1.қияр - бәдірен, 2.кесе - пиала, 3.сіріңке(спичка) - кеуірт, 4.ана жақ - анаяқ, 5.мына жақ - мынаяқ, 6.алып бер - әпер, 7.алып кел - әкел, 8.отырсаңшы - отырсай немесе отсай, 9.бесбармақ - қамыр, 10.бесбармақ жасау - ет асу, 11.әпке - әпше, 12.аға - тәте, 13.үлкен тәрелке - леген, 14.жұмыртқа - тұқым, 15.бөлме - там, 16.картоп - картошка, 17.үлкен - дәу, 18.самаурын(самовар) - самауыр, 19.шай қайнататын шәйнек - шәугім, 20. Әкеміз жақтан туысқан аға немесе кез-келген үлкен кісі - көке 21. Нағашы аға - таға, 22. Қайын іні кейбір жерлерде балдыз - қайын... Тағы басқа да көп диалектер бар, есіме түспей тұр) P.S. Сызықшадан кейінгілер "Шымкентше" диалектер..
шымкентте шәйнек дейді,
пиаланы кесемен ішемекен сонда?
Белгісіз
Шәйнекпен пиалаға құйып шай ішеді, шәугіммен суды қайнатады, кесемен сорпа т.б. ішеді.
0 дауыс
Эм.. Алматы облысында тұрамын.  "Шалбар" дегенді "сым" деп айтамыз. Бұдан басқа диалект сөз жоқ қой деймін. Қазақ пен орыстың, ағылшынның  сөздерін араластырып айтатынымыз  бар сосын   (:
"эм" деген ше?
"Эм" деген "ыыы" сияқты, диалект емес  (:
қысқартылған түрі дейсің......
как-то так
0 дауыс
Атырау жақта:

Шиш жалғауымен қолданамыз.кейде әрине.

Сосын Медди айтқандай кейбір сөздерді біздерде қолданамыз мысалы

Ана жақ-қысқа түрінде анаяқ кейде ана жақ дейміз.

Азан деген сөзді Таңертең деп айтамыз

Бешбармақты -Етнан дейміз

Болды есіме түспей жатыр.
0 дауыс
Атырау жақта шиш сөзі шынымен де көп қолданады.
...