+2 дауыс
1.6k көрілді
Жеке шаруашылықты жүргізуге несиені қалай аламын?

Қазір «Аграрлық несие Корпорациясы» АҚ арқылы құрылған кредиттік серіктестіктер қаражат тапшылығына байланысты жеке шаруашылықтарға несие беруді кешеуілдетіп жатыр. Осы ретте кредиттік серіктестік жүйесі арқылы алдағы жылдарға қанша қаражат бөлінген? Онда ең бірінші қандай жобаларды қаржыландыру қарастырылып отыр?

3 жауап

0 дауыс

Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ, «Аграрлық несие Корпорациясы» АҚ баспасөз хатшысы:

—Жеке шаруашылықтарға байланысты несие беру, қаржыландыру ең бірінші өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытамын дегендерге беріледі. Несиелендірудің негізгі шарты осы. Сонымен қатар несиені беру мерзімі де әр түрлі. Мәселен айналым қаражатын толықтыруға, 1 жылға дейінгі мерзімге; сондай-ақ, мал табының өсіп-өнуі үшін мал сатып алуға — екінші жылдан бастап тең үлеспен қарызды қайтара отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге де алуға болады. Және де жаңа техника мен тұқымдық мал сатып алуға — бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бірақ бұл жерде несиені екінші жылдан бастап тең үлеспен жыл сайын қайтарып отыру қажет. Корпорацияның Кредиттік комитетінің шешімі бойынша қарыздар мен пайыздарды өтеу:

- ай сайын;

-тоқсан сайын.

0 дауыс
Қазір әр қала, әр ауданда "Даму" корпорациясының филиалдары бар. Соның офисіне немесе жергілікті кәсіпкерлікті қолдау орталығына барыңыз. "КазАгроФинанс" ірі шаруашылықтарды қолдайды.
0 дауыс
Əй айналайын толық жауап берсей шұнақ қылмай пайызы қанша түсіндірсей неменеге жасырып отырсың
...