Кредит, Несие | 594 қаралды
594 қаралды
Менде қазір басқа банктен алынған ипотекалық несие бар. Оны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» қайта қаржыландыруға бола ма және ол үшін не істеу қажет?

1 жауап

Сіздің Тұрғын үй қүрылыс жинақ банкінің несиесі есебінен басқа банктегі берешекті толық өтеуге құқығыңыз бар.

Бұл үшін мыналар қажет:
1. Қажетті кредит сомасынан кем емес мөлшердегі шарттық сомаға Тұрғын үй қүрылыс жинақ банкімен жасалған тұрғын үй қүрылыс жинақ шартының болуы. http://www.hcsbk.kz/6962 сілтемесі бойынша бізге ауыса отырып, тарифтік бағдарламаны таңдай аласыз.

2. Заем түрлерінің біріне өтінім беру: алдын ала тұрғын үй, аралық тұрғын үй немесе тұрғын үй заемы. Төлем қабілеттілігін және кепілзаттың жеткіліктілігін растау қажет. http://www.hcsbk.kz/6964 сілтемесі бойынша ауыса отырып, Сіз заемдардың талаптарын біле аласыз.

3. Егер кепілге басқа банкте кепілде түрған жылжымайтын мүлік қойылса, әрі қарайғы кепілге (қайта кепілге қоюға) аталған банктің келісімі талап етіледі. Бұл үшін, несиелік өтініміңіз мақұлданған соң, Сізге бастапқы банк-кепілзат ұстаушы қайта кепілге қоюға келісім берген жағдайда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заем беруге келісім беретіндігі туралы хат жіберіледі. Егер оған кепілзат туралы алдыңғы шарттарда тыйым салынбаған болса, қайта кепілге қоюға рұқсат етіледі. Әрі қарай біз Тұрғын үй қүрылыс жинақ банкіндегі заемыңыздың сомасының басқа банктегі берешегіңіздің сомасын толықтай өтеуіне бақылау жасаймыз.

Егер басқа банктегі заемды өтеу бойынша берешектің мерзімі өткен болса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қайта қаржыландыру жүзеге асырылмайды.

118,439 сұрақ
305,386 жауап
153,303 пікір
67,822 қолданушы