+1 дауыс
Кім ЕЗЖ салымшысы бола алады және оны кімнің пайдасына сала алады?
11.01.2015 424 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Жеке тұлғалар да заңды тұлғалар да ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы бола алады. Бұл ретте салымшы - жеке тұлға жарналарды өз табысының есебінен жеке пайдасына және үшінші тұлғаның (мысалы, табысы аз немесе жұмыс істемейтін туғандары мен жақындары) пайдасына сала алады. Сондай-ақ #ЕЗЖ-ны үшінші тұлғалардың пайдасына заңды тұлғалар да (жұмыс берушілер өз қызметкерінің пайдасына) салып отырса болады.

Ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін салымшы #БЖЗҚ-ны және (немесе) #ЕЖЗҚ-ны (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары тиісті лицензия алған кезде) таңдау құқығына ие.

11.01.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы