0 дауыс
Қор таратылған банк салымшыларына кепілдік берілген өтемді қай уақыттан бастап төлеуді бастайды?
10.08.2014 504 қаралым

1 жауап

0 дауыс

ҚР заңнамасына сәйкес банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде Қор «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық баспа басылымдарында банктің мәжбүрлі таратылуы және кепілді өтемді төлеудің басталуы туралы хабарландыруды жариялайды. Бұл хабарландыруда төлем кезеңі, сондай-ақ Қор конкурстық негізде іріктейтін және төлемді жүзеге асыратын  агент-банктің атауы көрсетіледі. Бұдан басқа, Қор негізгі теледидарлық арналарда және радиостанцияларда, сонымен қатар мерзімді баспа басылымдарында алда тұрған төлемдерді жүргізу туралы ақпаратты орналастырады.

10.08.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы