+1 дауыс
391 көрілді
Кепілдік берілген өтем дегеніміз не?

1 жауап

0 дауыс

Бұл банк мәжбүрлі таратылған жағдайда нақты салымшыға Қор төлейтін ақша жиынтығы. Ол сыйақыны есептеместен Сіздің банк шотыңыздағы (шоттарыңыздағы) ақша қалдығына тең болады, бірақ әрбір таратылатын банк бойынша жеке алғанда әрбір салымшыға 1 (бір) миллион теңгеден аспайды.

«Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы заңына сәйкес:

«Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиторларға – жеке тұлғаларға кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді депозит бойынша есептеп шығарылмаған сыйақысыз депозит бойынша қалдық сомасында, бес миллион теңге мөлшерінде төлейді.».

Бұдан әрі мәтін бойынша кепілдік берілген өтемнің ағымдағы барынша жоғары сомасы 5 (бес) миллион теңге мөлшерінде   пайдаланылатын болады.

Егер шартқа сәйкес  Сіз депозит бойынша есептелген сыйақыны (пайызды) алмай, ол арқылы салымның негізгі сомасын толықтыратын болсаңыз, яғни Сіздің пайыздарыңыз капиталдандырылатын болса, онда олар да кепілді өтем сомасының есебіне қосылады.

Егер Сіз шетел валютасындағы банк шотын ашатын болсаңыз, онда банк мәжбүрлі таратылған жағдайда Қор осы банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен кепілдік берілген өтемді төлейтін болады.

Кепілдік берілген өтеммен есеп айырысудың бірнеше мысалын қарастырамыз.

1-мысал:

Сіздің банкте 2 000 АҚШ доллары көлемінде депозитыңыз бар делік. 1 наурызда сот банкті мәжбүрлі тарату туралы шешім қабылдады, ол 15 наурызда күшіне енді. 15 наурызда нарықтық бағам 1 доллар үшін 150 теңгені құрады. Яғни, Сізге 300 000 теңге сомасындағы ($2 000 х 150 теңге/доллар = 300 000 теңге) кепілдік берілген өтем төленеді.

Егер банкті тарату сәтінде Сіздің осы банктегі депозитіңіз (депозиттеріңіз) бес миллион теңгеден асатын болса, онда Қор Сізге өтемді бес миллион теңге көлемінде төлейді, ал қалған бөлігін Сіз мүлікті сатқаннан кейін және банк кредиторларының төртінші кезегі басталғаннан кейін тарату комиссиясынан талап етуге құқыңыз бар. Кредиторлардың төртінші кезегіне Сізді енгізу үшін Сізге заң талаптарына сәйкес банктің тарату комиссиясына өтініш беру қажет.

2-мысал.

Сіздің банкте 35 000 евро көлемінде депозит бар делік. 15 сәуірде банк мәжбүрлі тарату туралы шешім қабылдады, ол 30 сәуірде күшіне енді. 30 сәуірде нарықтық бағам 1 евро үшін 205 теңгені құрады, яғни Сіздің сомаңыз 7 175 000 теңгеге (35 000 евро х 205 теңге/евро=7 175 000 теңге) тең болады. Қор Сізге 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшеріндегі кепілдік берілген өтемді төлейді. Қалған 2 175 000  теңгені алу үшін Сізге банктің тарату комиссиясына өтініш беру қажет.

Егер Сіз бір таратылатын банкте бірнеше депозиттердің (банк шоттарының) иесі болсаңыз, онда кепілдік берілген өтеммен есеп айырысу кезінде Сіздің барлық депозиттеріңіз (шоттарыңыз) бойынша қалдықтар жинақталады және Сізге барлық шоттарыңыз бойынша кепілдік берілген жиынтық өтем төленеді, бірақ, ол 5 000 000 (бес миллион) теңгеден аспайды.

3-мысал:

Сізде бір банкте екі шот – 300 000 теңгеге ағымдағы шот және 1 000 евроға депозит (мерзімді салым) бар делік. Банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні нарықтық бағам 1 евро үшін 205 теңгеге тең болды. Бұл жағдайда Қор Сізге 505 000  теңге (300 000 теңге + 1000 евро х 205 теңге/евро = 505 000 теңге) мөлшеріндегі кепілдік берілген өтемді төлейді.

4-мысал:

Сізде бір банкте үш депозит бар делік: 15 000 доллар, 10 000 евро және 3 000 000 теңге. Банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күні нарықтық бағам 1 доллар үшін 150 теңгені және 1 евро үшін 205 теңгені құрады. Барлығы: 15 000 х 150 + 10 000 х 205 + 3 000 000 = 7 300 000 теңге.Қордың Сізге төлейтін кепілдік берілген сомасы 5 000 000 теңгені құрайды. Қалған 2 300 000 теңгені Сіз таратылатын банктің тарату комиссиясынан талап етуге құқыңыз бар.

Егер Сіз кредит (кредиттер) бойынша банк қарызгері болып табылсаңыз және бір уақытта осы банктегі депозит (депозиттер) иесі болсаңыз, онда осы банк мәжбүрлі таратылған жағдайда Сізге төленуі тиіс кепілдік берілген өтем көлемі есептелген, бірақ, әлі төленбеген сыйақыны есепке ала отырып депозиттер мен кредиттер сомалары арасындағы айырмашылықпен анықталады.

5-мысал:

Сізде бір банкте 300 000 теңге сомаға депозит аштыңыз, және Сіз осы банктен 100 000 теңге алдыңыз. Банкті тарату сәтінде Сіздің кредит бойынша қарызыңыз 80 000 теңгені, ал жинақталған депозит – 310 000 теңгені құрады және Сіз сонымен қатар депозит бойынша 100 000 теңге мөлшеріндегі сыйақыны алдыңыз. Бұл жағдайда Қор Сізге 230 000 теңге сомаға кепілдік берілген өтемді (310 000 теңге – 80 000 теңге = 230 000 теңге) төлейді.

Егер бір банкте жанұя отбасыларының бірнеше мүшесіне депозиттер ашылған болса, онда банк таратылған жағдайда кепілдік берілген өтем оның әрбір мүшесіне жеке 5 миллилион теңге шегінде төленеді.

6-мысал:

Сіз банкте 5 000 000 теңгеге депозит аштыңыз. Сонымен қатар, осы банкте Сіздің жолдасыңыз (жұбайыңыз) 1 500 000 теңге, ал Сіздің қызыңыздың – 100 000 теңге сомаларында депозиттері бар делік. Банк мәжбүрлі таратылған жағдайда Сіз 5 000 000 теңге, ал Сіздің жолдасыңыз (жұбайыңыз) 1 500 000 теңге, Сіздің қызыңыздың – 100 000 теңге мөлшерінде кепілдік берілген өтемді аласыз. Осылайша, Сіздің бүкіл жанұяңыз алған жиынтық кепілдік берілген өтем 5 000 000 теңге +  1 500 000 теңге + 100 000 теңге = 6 600 000 теңгені құрайды.

...