0 дауыс
370 көрілді
Депозит бойынша кепілдік берілген өтемді алуға кім құқылы?

1 жауап

0 дауыс

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банкінде (банктерінде) өз депозитін (депозиттерін) орналастырған барлық жеке тұлғалар-салымшылар депозит (депозиттер) бойынша кепілдік берілген өтемді алуға құқылы.

Егер салымшы депозит (депозиттер) бойынша кепілдік берілген өтемді жеке алуға мүмкіндігі болмаса, онда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхат бойынша басқа тұлғаға төленуі мүмкін.

Салымшының дүние салуы жағдайында депозит бойынша кепілдік берілген өтемді алу құқығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделген мұрагерлікке құжаттары болған жағдайда оның мұрагерлері алады.

Егер депозит кәмелетке толмаған тұлғаға тиесілі болса, онда ол бойынша кепілдік берілген өтем Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделген тиісті құжаттарды берген жағдайда оның ата-анасына (жебеушісіне, қамқоршысына және т.б.) төленуі мүмкін.

...