Әр айдың шын белсенді қолданушыларын қаржылай марапаттау

+6 дауыс
1.8k қаралым

Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары!

Алдын айтып өткенімдей тест режимінде 2 ай бойы Сұрақ-Жауап сайтының шын белсенді қолданушыларын марапаттауды жөн көріп отырмын. Қазіргі кезде тест режимде 2 ай деп алайық. Егер осы марапаттау белсенділікті арттырып, жақсы нәтиже беріп жатса 2 ай бойы емес, 1 жыл бойы әр айдың белсенділерін анықтап, қаржылай сыйлық беріп отыруды тұрақты жүргізе аламын.

Ережесі қарапайым:

Сайттың оң жақ бөлігіндегі Осы айдың үздіктері қатарына ену. Әр айдың 20 белсенді қолданушылар тізімін https://surak.baribar.kz/bestusers сілтемесі бойынша өтіп көруге болады. Бірақ ескерте кететін жайт ұпай саны бойынша белсендіні сайт жүйесі анықтағанымен, мен адами іс-әрекет факторды негізге аламын. Яғни нақты соңғы шешімді мен қабылдаймын. Қолданушыға 1 орынды сайт жүйесімен анықтағанымен мен оған 3 орынды беруім мүмкін немесе 5 орын дегендей. Себебі алдын айтып өткенімдей сайттың шын белсенді қолданушысын марапаттағымыз келеді.

1 орынға 10 мың теңге.

2 орынға 6 мың теңге.

3 орынға 3 мың теңге.

4 орынға 2 мың теңге.

5 орынға 1 мың теңге.

Қолданушы үздік бестікке енгенімен соңғы шешім орындарды анықтау менің құзіретімде екендігін естеріңізге сала кетейін!

Адами факторларға енетін пунктер. Соңғы шешімді қабылдарда мен мына өрістерге мән беремін:

  • Жауабының толық, әрі нақты, ешбір жерде қайталанбаған уникалды жауап болуына қараймын;
  • Сұрақтарға арнайы өз саласының мамандарынан жауап алып жазылған жауаптар менің көзқарасымнан жоғары баға алады (Мамандар - сіздің аға-әпкеңіз, ата-анаңыздан алынған жауап болуы мүмкін);
  • Берілген жауабы басқа сайттан көшіріліп қойылмағандығына баса назар аударамын.
  • Алаяқтық жасау. Бір немесе бірнеше аккаунт ашып алып, өзі сұрақ қойып, өзі жауап беретін қолданушылар жинаған балына қарамай, сайыстан шектетіледі.
  • Өзінің достары, арнайы бір саланың маманын сайтқа тартқаны қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;
  • Жақсы, өзіне ұнаған сұрақтарды әлеуметтік желіде бөлісу қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;
  • Сұрақ-Жауап сайтында Блог жүргізу қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;

Жеңіске жеткен қолданушыны анықтап, сайт блогында жариялап отырамын. Марапатты банк карточкасына немесе бірлік ретінде салып жібере аламын.

Сайттың қолданушыларына сәттілік. Белсенді болайық! Осы айдың соңында алғашқы белсенділерді анықтап, шын белсенді қолданушыларды марапаттайтын боламыз.

p.s. Алдағы уақытта жағдайға қарай ереже толықтырылынуы мүмкін.

• Санаты: Жалпы сұрақ
5-ші орындағы адамның жолы болмаған екен 1 теңге)))
Қате кетіп қалыпты. 1 000 теңге :)
128 рет қаралыпты қазіргі таңда. Ай, ай адамдар-ай) Қаржылай дегенді көріп, қатты оқығыларың келіп кетті ме:)?
Ия саған ұқсап... Құлап жатып сүрiнгенге күледi дегенi осы шығар...
"Ханда қырық кісінің ақылы болады" дейді ғой атам қазақ. Дегенімен, қасыңызға жақсы уәзірлер жинап алғаныңыз абзал ))
Не айттың өзi....

28 жауап

+2 дауыс
Қысқасы сұрақ қойған қолданушыларға нақты жауап беріп ұнап емес админге жағымпазданып көңілінен шығып ұнау керек болдығой)) жағымпаздықтан жаман нарсе жоқ! Негізі маған ақша емес ұпай керек еді, ақшаларың тым аз))

Бұл айдың үздігі кім болатынын білем ол Злой)
Неге олай ойлайсын?
Ако_О меніңше сен лайықтысың, жауаптарыңжақсығо. Злойға 2-ші орын жарайды.
неге аз сен маңдай теріңмен тауып жатқан жоқсынғой,жұмыс істе сонда көп ақша табасың.
Онсызда жұмыс істеп жатырғо.
+1 дауыс
Қай жақтан осындай ақшаларды тауып жатырсыз,білуге бола ма кұпия болмаса.
Сайтта қойылып жатқан жарнама арқылы.
кейін түсіндім, интернеттен сіз туралы оқыдым
+1 дауыс
Дұрыс, келісемін.Иә, осылай барлық қолданушыларды белсенді болуға шақырамын.
+1 дауыс
Жақсы бастама... СЖның қолданушылары  көбейіп , сайттағы белсенділік артады деп үміттенемін. Іске сәт ! (:
+1 дауыс
Мына конкурс туралы ұсыныс түскеннен кейiн, СЖ сайтында бiраздан берi көре алмай жүрген, достарымды көрiп қалдым дегендей)))
Ал сәттiлiк онда достар!!!
Белгісіз
0 дауыс
Жақсы болған екен!
0 дауыс

Елдер сияқты админ мырза демияқ қояйын жай админ дей берейін. Дұрыс істеп жатқан сияқтысың қаншама жігіттер тырысып білгенінше жауап жазат айтеуір. Сол тырысып жүрген адамдардың арқасында қаншама адам керегін тауып жатыр  Ақша адамға не істетпейді қарап отырам осындағы отырған адамдардың бәрі Математикамен Физиканы қақпайтын адамдар емесқой. Сол пәндерден сұрақтар қойылса азғантай бал үшін ешкім басын ауыртқысы келмейді. енді қандай қыйын сұрақтар болсада жауапсыз қалмайтын шығар

+2 дауыс
Сұрақ-жауапқа қатысу тек ақша табу үшін емес,өз ой өрісіңді кеңейтіп отыру үшін де керек.Осындай жаңа идея көтерген адамға рахмет! "Көп түкірсе көл" дейді,ағайын,, бастаманы  қолдай білейік."Ақыл жастан "" жастарымызды да тыңдай білейік, үлкендердің де жауабына көңіл бөлейік!
0 дауыс
оооо міне керемет жаңалық, негізі мәселе ақшалай марапаттаймын деп еді көптеген адам оқыпты деген ой емес, ақша ешкімге артық болмаған негізі. Бір жағынан СЖ саитына жарнама болатын болды. Бұл саитымыз көп тараған деуге келмейді. Сондықтан осындай жаңалықты достарыңызбен бөлісіп саитқа шақырып отырыңыздар.
+2 дауыс
Мәә, мен бүкіл жаңалықтан құр қалып жүр екенмінғо) жақсы бастама, игі іс болғай, Ербол аға)
иә жоғалғандар табылып жатыр)
0 дауыс
Админмен келісенмін.Осындай көптеген сайыстарды өткізіп,адам санын көбейтіп,көбірек танымал болуынызға тілектеспін.
0 дауыс
Осы жоба копшилик тарапынан колдау тауатыны созсиз
0 дауыс

Жақсы екен  ақша тіккенің, Админ :)

Өзінің достары, арнайы бір саланың маманын сайтқа тартқаны қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;

Кім қандай адам тартқанын қалай білесің сонда?

Бәрін мен тарттым деп айта берсей.

Ұқсас сұрақтар

127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,810 қолданушы