+6 дауыс
1.7k көрілді

Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары!

Алдын айтып өткенімдей тест режимінде 2 ай бойы Сұрақ-Жауап сайтының шын белсенді қолданушыларын марапаттауды жөн көріп отырмын. Қазіргі кезде тест режимде 2 ай деп алайық. Егер осы марапаттау белсенділікті арттырып, жақсы нәтиже беріп жатса 2 ай бойы емес, 1 жыл бойы әр айдың белсенділерін анықтап, қаржылай сыйлық беріп отыруды тұрақты жүргізе аламын.

Ережесі қарапайым:

Сайттың оң жақ бөлігіндегі Осы айдың үздіктері қатарына ену. Әр айдың 20 белсенді қолданушылар тізімін https://surak.baribar.kz/bestusers сілтемесі бойынша өтіп көруге болады. Бірақ ескерте кететін жайт ұпай саны бойынша белсендіні сайт жүйесі анықтағанымен, мен адами іс-әрекет факторды негізге аламын. Яғни нақты соңғы шешімді мен қабылдаймын. Қолданушыға 1 орынды сайт жүйесімен анықтағанымен мен оған 3 орынды беруім мүмкін немесе 5 орын дегендей. Себебі алдын айтып өткенімдей сайттың шын белсенді қолданушысын марапаттағымыз келеді.

1 орынға 10 мың теңге.

2 орынға 6 мың теңге.

3 орынға 3 мың теңге.

4 орынға 2 мың теңге.

5 орынға 1 мың теңге.

Қолданушы үздік бестікке енгенімен соңғы шешім орындарды анықтау менің құзіретімде екендігін естеріңізге сала кетейін!

Адами факторларға енетін пунктер. Соңғы шешімді қабылдарда мен мына өрістерге мән беремін:

  • Жауабының толық, әрі нақты, ешбір жерде қайталанбаған уникалды жауап болуына қараймын;
  • Сұрақтарға арнайы өз саласының мамандарынан жауап алып жазылған жауаптар менің көзқарасымнан жоғары баға алады (Мамандар - сіздің аға-әпкеңіз, ата-анаңыздан алынған жауап болуы мүмкін);
  • Берілген жауабы басқа сайттан көшіріліп қойылмағандығына баса назар аударамын.
  • Алаяқтық жасау. Бір немесе бірнеше аккаунт ашып алып, өзі сұрақ қойып, өзі жауап беретін қолданушылар жинаған балына қарамай, сайыстан шектетіледі.
  • Өзінің достары, арнайы бір саланың маманын сайтқа тартқаны қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;
  • Жақсы, өзіне ұнаған сұрақтарды әлеуметтік желіде бөлісу қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;
  • Сұрақ-Жауап сайтында Блог жүргізу қолданушыға менің көзқарасым бойынша жоғары баға алады;

Жеңіске жеткен қолданушыны анықтап, сайт блогында жариялап отырамын. Марапатты банк карточкасына немесе бірлік ретінде салып жібере аламын.

Сайттың қолданушыларына сәттілік. Белсенді болайық! Осы айдың соңында алғашқы белсенділерді анықтап, шын белсенді қолданушыларды марапаттайтын боламыз.

p.s. Алдағы уақытта жағдайға қарай ереже толықтырылынуы мүмкін.

5-ші орындағы адамның жолы болмаған екен 1 теңге)))
Қате кетіп қалыпты. 1 000 теңге :)
128 рет қаралыпты қазіргі таңда. Ай, ай адамдар-ай) Қаржылай дегенді көріп, қатты оқығыларың келіп кетті ме:)?
Ия саған ұқсап... Құлап жатып сүрiнгенге күледi дегенi осы шығар...
"Ханда қырық кісінің ақылы болады" дейді ғой атам қазақ. Дегенімен, қасыңызға жақсы уәзірлер жинап алғаныңыз абзал ))
Не айттың өзi....

28 жауап

+4 дауыс
жақсы,жақсы Админ мырза!!!!!!!!!!!
+1 дауыс
Қолданушыларға сәттілік тілеймін!
+3 дауыс
Кермет жоба қолданушыларға сәттілік.Және айта кетер жағдай оны ақшаны кошелек арқылы бересізбе
Егер жеңімпаз атансаң, қалаған түрде бере аламын. Каточка болсын, Qiwi кошелек болсын болмаса бірлік ретінде де.
0 дауыс
Егер Кандидат 3тікте болып шықса лауазымын көтеру керек сияқты!
+2 дауыс
Сайттың оң жақ бөлігінен көріне алмай-ақ қойдым, жұмыстан шығам-ау, жақында ғана кіріп едім))
Ол жерде автоматты түрде есептейді робот болғандықтан. Ал адами факторды мен көзбен көріп жүрмін. Сондықтан соңғы шешімді қабылдауды мен өзіме алдым. Сенің жауаптарыңа қайран қаламын, оқып отырып қатты қуанамын. Нағыз дәрігер мамансың. Жауапты бір жерден көшіріп алмай, өз біліміңе сүйеніп уникалды түрде жауап бергеніңе бас иемін.
Болашақта керемет дәрігер болатыныңа шүбәм жоқ.  Рахмет үлкен үлкен Димеке.
Айтқандай денсаулыққа қатысты түртпелерің болса https://surak.baribar.kz/blogs осында жариялап тұрсаң болады.
Жұмыстағы қызықты өткен бір сменымды блог қылып жазбасам көңіл күй болғанда)
Уникалды түрде жауап бергеніңе бас иемін дейдi, недейдi Құдай-ау )) Акушер болсаң жақсы екен ғой а Дима! Бiр жағы да дұрыс шығар, заманың түлкi болса, қасқыр болып шал деген екен атам қазақ...
+1 дауыс
ako_O көңiл күйiң түспесiн...
Басты қатырма!
әһәһ....................
0 дауыс
Бізге оқу басталды. Сол себепті сайтқа кіруге қол әрең тиіп жүр. Мен сізден бірдеме сұрасам. Яғни осы күндері Австралияда басталған футбол бойынша азия чемпионатындағы нәтижелерді сұраққа жаза берейін ба, әлде блокка жазғаным жөн ба?
Блог қылып жаз)
+1 дауыс
Білген түйгендерімді пайдаланып нақты жауаптар жазуға тырысамын.

Олай жасамаса болмайды, сайтта бос қаңқу жауаптар көбейіп кетті.
+1 дауыс
Керемет сайт. Одан әрі дамиды деп үміттенемін.
Қазақ әріптерін пайдаланғаныңыз дұрыс болар.
+1 дауыс
Бұл ереже дұрыс па әлде бұрыс па бiлмедiм. Бұлай жасамасқа vwwww сияқтылар ойбайлап кеттi. Негiзi екi жолда оңай емес. Қәзiргi жол оқушылар жастарға қиын себебi бәрiбiр олар ересектер сияқты жауап бере алмайды. Мысалы М.вирус vwwww Жако сияқты бiлiмдi, өмiрден көргенi, түсiнiгi жоғары емес олардың. Ал басқа сайттан көшiруге болмайды шыныменде қиын жағдай оларға. Ал үлкендерге ыңғайлы, арасында бiр екi сөз жазады, зато мағыналы, бiр оқпен екi қоянды ата салады. Негiзi роботтың белгiлегенi дұрыс едi деп ойлап қалдым, айтеуiр жазылған жауапты өшiрiп отыруға болады ғой және де талапқа қаржы сай емес және оқушы жастар, ересектер сияқты жұмыс iстемейдi мұқтаждығы жоғарылау...
Мен мына жерде отырып бiреудiң үстiнен күлiп немесе ақылгөйлiк көрсетейiн деп отырғаным жоқ, тек ойымдағын айттым. Арғы жағын өздерiңiз бiлесiздер...
Әрине. Барлық жағдайды ескеретін боламын.
+1 дауыс
Админ мырза бір оқпен екі қоян аттыңыз ғой.Алдымен блог жүйсін аштыңыз,сосын СЖ сайтын қаржылай белсенділік жасапсыз керемет.Бірақ мен қатыспаймын,тек бақылап отырамын.
0 дауыс
Дұрыс ұйғарым! Әсіресе, жалған ұпай жинаудың алдын алу және блог жүргізу - көкейтесті мәселелер. Енді Сұрақ-жауап сайтының рейтингі бұрынғыдан да көтеріледі деген сенімдемін.
0 дауыс
Соңғы шешімді өзім қабылдаймын дегеніңіз жақсы екен. Қатты белсенділік таныта қоймаспын, дегенмен бұйырып жатса...)
+2 дауыс
Ақша бәріне керек қо .)
+1 дауыс
Керемет екен) Мен жүлдеге басты үміткер болмасам да, жүлдеге ие болғым келеді) Роботтың шешімі бойынша жеңімпаз атана алмаспын, себебі баллды күшті бестіктегілер сияқты жинай алмаймын) Бірақ, адами факторлар жағынан көзге түсуге тырысамын. Іске сәт, достар және Ереке!
...