Бұл , ең алдымен , қандай отбасына келін болып түскеніне байланысты деп ойлаймын. Шымкенттіктердің (жалпы оңтүстіктің де ) барлығы жаман емес екеніне осы СЖ-ның арқасында көзім жетті. Дегенмен салттары , көпшілік адамдардың көзқарастары біршама "ерекше". Келінге байланысты орамал тағу, сәлем салу т.с.с салттар біздің (Алматы облысы ) көпшілігімізге жат. Жеңгелерімнің барлығы үйленгенге дейінгі қалпында жүр. Ағаларымның ешқайсысы оларға орамал таққызып, халат кигізіп, ұзын нәрселерге орап қойған жоқ. Үйде болсын , көшеде болсын джинсы-кофта , қысқа көйлектер т.б. киіп , өздері қалағандай жүре береді. Өздерінің имидждерін , жалпы өмір сүру стильдерін өзгертпегені оларды жаман келін етпеді. Үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болып жүр. Қандай нәрсе болмасын сұрасаң , әрқашан көмектеседі, құрбыларымыз сияқты. Айтпақшы.. Келінның сыйлы болу-болмауы өзіне де байланысты екенін ұмытпаңыздар. (: