+1 дауыс
6.0k көрілді

Өзімше конференция,іс-шаралар деп ойлап тұрмын, толықтай сөздің мағынасын ашып кетіңіздерші .

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мына жерден көріңіз http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%AF%D1%88%D3%99%D0%B9%D1%80%D0%B0
ааа, сонда айтыстың бір түрі десеңізші...
жоқ жыр сайысы дегенге келеді, себебі жазба ақындар сайысында мүшәйра деп жатады
Енді түсінікті болды рахмет!
+3 дауыс
Меніңше сайыс деген мағынаға келетін сияқты
0 дауыс

Гуглдің айтуынша Екі тілдегі сөздік, Сөздік ((переводчик))

дерек көз

0 дауыс
Әннің аты деп ойлаймын.
0 дауыс

Мүшәйра– Шығыс әдебиетіндегі ақындар айтысының бір түрі. Мүшәйра түркі тілдес халықтар әдебиетінде өткізіледі. Үндістанда кең тараған Мүшәйра өлеңшінің ән салып, өнер таластыруы түрінде кездеседі. Екеуі қатар жарыса әндетіп, бірінен-бірі дауысын асыруға тырысады. Қайсысының дауысы жетпей, тоқтаса, сол жеңіледі. Соңғы жылдары қазақ поэзиясында Мүшәйра жазба ақындардың жыр мерекесі, жыр жарысы ретінде өткізіліп жүр. Дүниеден озған қаламгерлердің есімін жаңғырту, рухына бас ию мақсатында да олардың атындағы Мүшәйралар ұйымдастырылады. Ақындар өлеңін сараптау, шеберлігін ұштай түсу мақсатында өткізілетін Мүшәйраның белгілі бір тақырыпқа (мысалы, “Менің Отаным – Қазақстан”, тағы басқа ) немесе жастар поэзиясына ғана арналған түрлері бар.

Қазір көбінесе іс-шара, салтанатты жиын деген сықылды мағыналарда қолданылады.

Дереккөз

...