+1 дауыс
13.3k көрілді
Көп қолданылатын осы сөздің қазақша аудармасы қалай екен?  Бұл терминді кім енгізген?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Комплекс» терминін швейцар психиатры Карл Густав Юнг енгізген екен. Латын тіліндегі баламасы «байланыс, қиюласу, үйлесу» мағынасын білдіреді.Қазақшаға аударғанда "кемшілік" деген сөзді білдіреді!Комплекс кейде әр адамның өзі жорыта ойлаған «жанды жері» сияқты, себебі ол туралы сөз қозғасаң болғаны, ашу мен ренішке тап боласың.

«Судың да сұрауы бар» дегендей, комплекстің де түр- түрі бар. Олардың негізгі түрлеріне тоқталсақ:

  • Өз- өзіне сенімсіздік комплексі. Жер шарын мекендейтін 7 миллиард тұрғынның басым көпшілігі өзіне сенімсіздік, өз- өзін кемсіту сияқты комплекстерден зардап шегеді.
  • Дон Кихот комплексі. Сүйіктісінің бойына барлық ғажайып қасиеттерді жинақтап, оған табынатын ер- азаматтар комплексі. Сервантестің испан сарбазы туралы жазған, талай философиялық ойларға түрткі болған әйгілі романы есіңізде болар. Міне, сол романның негізгі кейіпкері, тұла бойын комплекс жеңген Дон Кихот  – осы дерттің нақ мысалы.
  • Дон Жуан комплексі. Бойындағы комплекстерді жеңіп, әлемдегі ең мықты ер- азамат атану комплексі. Көбінесе, бұл кемшіліктің түп- төркіні «жауапсыз махаббат» екені – дәлелденген ақиқат
  • Ғажайыптар әлеміндегі Алиса комплексі. «Ақ боз ат мінген ардақты ханзадасын» өмір бойы күткен аруларға тән комплекс. Бұл - көбіне- көп өзін өзгелерден биік санайтын, қиял әлемінде өмір сүретін арулар дерті.
Толық мәлімет:http://www.baq.kz/blog/article/4330
...