Жұмақты қалай елестетесіз?

+1 дауыс
1.3k қаралым
Жұмақты қалай елестетесіз? Осы сөзді естігенді көз алдыңызға қандай әлем келеді?
• Санаты: Өмір, Тіршілік

19 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Жәннәтта ауру болмайды, уайым қайғы жоқ, дәрет сындырмайды кекiрiкпен шығып кетедi жеген iшкендерiмiз, жұмыс iстеп жанымызды қыйнап ақша таппаймыз, көре алмаушылық сияқты нәрселер күнәлер жасалынбайды, атейсттер болмайды, кәрi адам болмайды отыз жаста боламыз, мәңгi өмiр ғой. Ол жердегi рахатты санамызға сыйдыра алмаймыз қәзiр.
Барып келіп пе едің... (көзбен көргендей қылып айтып отырсың ғой)... солай елестетем деп қоса салмадың ба...

Сосын жұмақ бар болып, сіз айтқандай болса ішіміз пысып өлетін болармыз...және мәңгілік... құрсын ондай жұмағың..
жұмақты қалай дегенді жұмыС қалай деп оқып қалдым vvvvwwwwww
+2 дауыс
Оның қандай болатынын елестетпей-ақ қой. Себебі ол туралы Құран кітабында жазылған болу керек.
Негізі соны сұрайын дегем ғой, не деп жазылғаны туралы. бірақ дінге қатысты сұрақ қоюға болмайды деген соң... (((
Діни басқарманың сайтынан қарап көр.
Оны елестету мүмкін емес. Педесіне жұмақта бұл өмірде көріп білмеген, тіпті ойына да келмеген ғажайып мекен уәде еткен. Жұмақтың әдемілігі, хош исі бұл өмірде кездеспейтіндіктен оны айтып жеткіззу мүмкін емес.
Құранда жұмақтың қандай болатыны нақты жазылмаған, (жалпы діни кітаптардың ішінде көне өсиетте (Ветхом Завет) жұмақ туралы (эдем) аздап жазылған
–2 дауыс
Ешқандай деп елестетпеймін..........., өйткені бұл өмірден басқа өмір бар екеніне сенбеймін
Атеист сонда Құранда жазылғанын өтірікке шығармақсыңба масқара
масқара сорлы екенсің
Сіздің олай айтуға қақыңыз жоқ, (Қазақстанда сенім еркіндігіне шектеу салынбаған). Жұрттың сенімін сыйлауыңызды өтінемін, Мысалға мен Сізге "Аллахқа сенетін сорлы екенсің" десем жақсы тие ме. Олай айтып отырған өзіңіз сорлысыз
мен де сенбеймін,себебі көз алдымда танымайтын бір адам көз жұмған,содан бері тозак дегенге сенбеймін
0 дауыс
Мына өмірде жетісе алмаған арманыңа жұмақта жетесің дейюі. Егер ол жаққа бара алсаң :))))))
0 дауыс
Көз алдыма бұлбұл құс елестеп тұр. Басқа ештеңе елестете алмаймын.
+1 дауыс
Күн нұры... Көк аспан... Жасыл алқап... Самал жел...
+1 дауыс
Өлген соң жұмақты да, тозақты да көреміз бе, көрмейміз бе, құдыреті күшті бір Аллаға аян. Жұмақта, тозақта беймәлім, беймәлім дүниенің кілті Алланың қасында деп ойлаймын.
0 дауыс
Аспанға қараңғы бірақта бір белгісі жарықтар бар.Жанымда ешкім жоқ, бір адасып кеткен секілді елестетемін.Біреу мені өзіне шақырып тұрған секілді.
секілді деу оңай ғой!
+2 дауыс
Жұмақтай мәңгілік мекенге түсу әрбір мұсылманның арманы шығар.Сылдырлап аққан айнадай мөп-мөлдір бұлақ, бұлақтың бойындағы қоңырқай тастар, сая болар жап-жасыл желекке оранған әсем талдар, олардан үзелейін деп тұрған хош иісті доп-домалақ қызыл алмалар, жанынды жадыратар айнала өскен әдемі гүлдер, ақша бұлттар қалқып жүрген, көк таза аспан, жандары пәк , жүректері таза, аппақ киім киіп жүрген періштелер мен пенделер, міне менің жұмағым. Әрбірімізге осы өмірді күнәсіз өткеріп, Алланың шапағатына ие болып , жұмақтан орын алуды жассың!
+1 дауыс
+1 дауыс
Мен елестетпеймін... Жұмаққа елестетпей-ақ барғым келеді...
Жұмаққа баратыныңызға сенімдісіз бе? )))
үміт бар ғо    ...
0 дауыс
Мен ағаштары көп кермет жер ретінде елестетемін
+1 дауыс
тек Бұлттар!!!!!!
0 дауыс
керемет бақ қылып елестетем. Алланы сүйетін өмір бақи жақсылықжасаған жандарың жанында деп.
0 дауыс
жоқ елестеткім келмейді,себебі өлгім келмейді
0 дауыс
Салеметсиз бе. Менин есимим Альбина. Осы сурагынызга мен накты жауап берейн. Жумак жайлы маган Карасай ауданында бас имам болган агам айтты. Адамдар оледи. Бул омир манги емес бул омир сынак омир. Нагыз омир о дуние. Адам олгеннен кейн бирнеше куннен кейн 2 периште келип сурак алады. Ол сурактар мынадай. Адамнын жанында негизи 2 периште бодады бири он жагында бири сол жагында. Он жактагы периште истеген жаксылыктарынды жазып отырады. Сол жактагы периште истеген жамандыктарынды жазады. Сол истеген жамандыгына жауап бересин. Жаратушы Алланын алдына барганда букил исине жауап бересин. Сынактарынан суринбей истеген жаксылыктары коп иманды жандар жаннатка барады ягни жумакка. Ал тозакка баргандар омир бойы отка ортенип отеди куйеди жанады. Сол жакка барп кана таубесине келеди. Бирак амал канша тозакка барсан омир бойы сол тозакта кун кешесин. Ал жумакта:... оны созбен айтп жеткизу мумкин емес. Мысалы кус ушп бара жатр делик сен оны жегин келеди жеймин десен ол сенин алдына туседи писирилип. Тагыда бир мысал бир биыыыыык талдын басындагы алманы жегин келсе ол агаш саган карай иыледи. Сен оны аласында жей бересин. Жумакта кирис барда шыгыс жок деген барлыгын жейбересин бирак сен даретке отырмайсын. Тагыда айтатын болсак мысалы онда 1тал агаш бар делик коленкеси керемет ол коленкеден кунге шыгу ушин еен мыкты деген жауынгер 100.000 жыл шабады. Жумакты коз алдына елестету киын. Адамдардын айтуынша тозакта кобинесе байлар, ал жумакта кедейлер деседи ягни олар таубесине келгендергой. Мине менин саган берер шагын жауабым. Ей мусылман бауырым Жумакка киргин келсе казирден бастап намаз окы. Ораза уста. Зекет бер. Иман келтир. Садака бер. Сен билесинба намаз окымайтындардын артында 1, ал енди окиын немесе окып жургендердиг артында 70000 шайтан журедисондыктан оларга ерик берме. Тагыда бирдеме айтайыншы егер сен Алланын 5 парызын орындап тура жолдан таймай мусылмандарга жасаган жаксылыктарын коп болса аргы дуниеде сенин ата-анана таж кигыщеди Алла Тагала алдына шакырып алып.
0 дауыс
Жумак деген жок нарсе. Кырта бермендерши. Олдин болды, ширисинде каласын.
0 дауыс
Осы омиринде адал болсан жумакты елестетудин кажети жок
0 дауыс
Жұмақты елестетуге біздің қиялымыз бен санамыз да, ой-өреміз де жетпейді.

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы