0 дауыс
15.9k көрілді
Сүйінбай Аронұлының өлеңін тауып беріңіздерші "Бөрілі менің байрағым", "Әділеттік орнаса", "Сүйінбайдың Тезек төреге көңіл айтуы", "Бала Жамбылға бата".
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап алынды

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бөрілі байрақ астында —

Бөгеліп көрген жан емен!

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен!

Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен!

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емен!

Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза аламыз,

Қарасайлап шабамыз,

Қызыл қанға батамыз.

Бөрілі байрақ астында,

Ту түсіріп, жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Жоқты жонып табамыз.

Бөрілі байрақ астында:

Ту түсіріп, жау алған

Шапырашты батыр бабамыз.

Бөрі басы — ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым!

Сүйінбай Аронұлы - Әділеттік орнаса онлайн тыңдау

http://til.gov.kz/static/131125/6.4.6.Suyinbay_Aronuly-Adilettik_ornasa.mp3

Бала Жамбылға бата

О, Жамбыл, бата дедің, - бердім саған,

Бақытты, өмірлі боп, жүргін аман.

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған.

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.

Жапаға риза болсын айта барғын,

Осымен өкпелемей жүрсін маған

0 дауыс
Бөрілі менің байрағым,

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен.
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен.

Жау тисе жапан далада

Бөрілі найза атамыз,
Қарасайлап шабамыз,
Қызыл қанға батамыз.

Бөрілі байрақ астында
Ту түсіріп, жау алған -

Қазыбек, Қастек атамыз.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Жоқты жонып табамыз.

Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп,жау алған
Шапырашты батыр бабамыз.
Бөрі басы-ұраным,

Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым.
...