0 дауыс
5.2k көрілді
Достар Сүйінбай Аронұлының өлеңдерін жаттауға берді. Бірақ мен таба алмай жатырмын.Ертең болады, Сүйінбай Аронұлының өлеңдері бар қандай сайт білесіңдер? комектесіңдерші! алдын-ала рахмет!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүйінбай Аронұлы

   Аронұлы Сүйінбай (1827-1896) - ақын, жыршы. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. С. Жамбыл өзіне пір тұтқан. «Пірім менің - Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деген қанатты сөздер арнаған. Ақындық өнерін айтыстан бастаған. Тезек төреге арнаған өлеңдері аса уытты. Өмір туралы, замана болмысы, жастық пен кәрілік жайлы ойлы лирикасы айырықша шоқтықты туындылары қатарына жатады.
 
Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр.
Жақсы мен жаман туралы
 
Дүниеде қандай жақсы болсаң да - тіленсең қадірің кетер.
Жақсы мен жаман туралы
 
Дүние - ескі сарай-ды,
Жолаушы жүрген азамат,
Көркіне оның қарайды.
Дүние туралы
 
Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.
Әйел, ана туралы
 
Ақымақ жігіт белгісі - аз күнгі баққа алқынар.
Ақымақтық туралы
 
Жаман жігіт белгісі - алғаны мен бергенін сырттан жүріп санайды.
Жақсы мен жаман туралы
 
Жаман жолдас белгісі - көкқұтандай кекиіп шекесінен қарайды.
Достық туралы
 
Ер жігіт - ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады.
Жақсы мен жаман туралы
 
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма-өріктің ағашындай.
Жақсы мен жаман туралы
 
Әркім құмар жақсымен таласуға.
Жақсы мен жаман туралы
 
Кетпеңдер өне бойы дүние қуып.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Біз -қайық, бұл дүние - түпсіз теңіз.
Дүние туралы
 
Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар,
Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар.
Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,
Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.
Өмір туралы
 
Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң,
Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.
Қанағат-рақым туралы
 
Қыз сипаты:
Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты,
Ақ мандай, жазық қабаұ, сүмбіл шашты.
Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,
Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті.
Әйел, ана туралы
 
Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
Жаманнан жақсы туар жарқылдаған.
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Пайдасы өз басынан артылмаған.
Пайдасыздық, керексіздік туралы
 
Бұл дүние біз үшін бір ақсақ елік,
Барады кейде аяңдап, кейде желіп.
Артынан қуып жүрген біз бір мерген,
Қаламыз кейде адасып, кейде көріп.
Дүние туралы
 
Дүние әлі-ақ өтер қимағанмен,
Сыйласқын өз басыңды сыйлағанмен.
Жалғанның ақырында баяны жоқ,
Қазына қызыл-жасыл жинағанмен.
Дүние туралы
+2 дауыс
Сүйінбай Аронұлы: Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай.

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,

Қыранның қырдан байқар баласындай.

Жаман парқы жақсымен бірдей емес,

Жақсы жігіт елінің ағасындай.

Жақсының сөзін әркім пайдаланар,

Миуалы алма, өріктің ағашындай.

Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр,

Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай.

Жақсы адам қай жерден ажырайды,

Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.

Жамандар-өтірікші, өсегі көп,

Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.

Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,

Жанбай қалған ағаштың шаласындай.

Соқтығып әркімге бір ұрынады,

Сиырдың тентек болған танасындай.

Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,

Жылқының қотыр болған аласындай.

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

«Олақтан салақ жаман»-деген мақал,

Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.

Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

Жамандар өсек-аяң айтып жүрер,

Ешкімнің білмесе де қылмысын-ай.

Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,

Ақылы ауысқан адамның жындысындай.

Екеуін салыстырып әдейі айттым,

Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай.
+2 дауыс

Сүйінбайдың өлеңдерін мына жерден оқи аласыздар!

...