Адам бола тұра адамзатты сүйе алмау - үлкен қасірет, мәнсіз өмір. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде одан басқа» деп данышпан Абай айтқандай, адам баласын алаламай жақсы көре білу бәріміздің міндетіміз болуы тиіс. Мен адам біткеннің бәрін жақсы көрем!! Себебі бұл өмірде адамнан бағалы, адамнан құнды нәрсе жоқ. Әрбір адам - әлемде тек бір-ақ кездесетін "эксклюзивті туынды". (Осындай сұрақ қойғаныңызға рахмет!)