+1 дауыс
732 көрілді
Мысалы, дежавю құбылысы секілді?

5 жауап

+1 дауыс
Дежавьюдің уақытқа ешқандай қатысы жоқ. Сәйкес көріністер жиі кездеседі.
уақытпен дежавюдің байланысы бар.
Мысалы ?
0 дауыс

Мынаны өткенде қарап шығып едім, уақыт қызықты мәліметтер бар:  

0 дауыс
Дежавю́ (фр. déjà vu, МФА (фр.— «бұрын болған секілді сезім») осы іс-әрекет бұрын болған секілді көрінетін психикалық ахуал, бірақ бұл сезім дәл бұрын болған кезбен байланыспай, жалпы болған кезбен байланысты. Бұл термин ең алғаш рет Эмиль Буарактың "Будущее психических наук" кітабында қолданылған. Ұқсас құбылыстар (аналогичные явления) - фр. déjà vécu («болған кез»), фр. déjà entendu («естілген секілді») Кері термин жамевю - ешқашан болмаған кез. Жалпы кезде қалай сезінесін, сол секілді ешқашан да болмаған оқиға. Дежавю, мысалға, оқып жатқан кітапты бұрын оқыған сияқты немесе бұрын көрген фильмді мүлдем умытып қалған сияқтылар. Дежавюдің әсері өте қатты болуы мүмкін, тіпті, бірнеше жылға есте қалуы мүмкін. Дегенмен, адам білген сияқты болған нәрселерді еске түсіре алмауы мүмкін. Дежавю кең таралған құбылыс; зерттеулер бойынша, 97%-ға дейін дені сау адамдар дежавюды бастарынан откізген, ал эпилепсия ауруына шалдыққандар жиі көреді. Бұл құбылысты адамдар өздері болдырта алмайды және де әрбір сау адамда бұл сирек болып тұрады. Осы себептен дежавю ғылыми зерттеулері қиындық туғызуда. Қазіргі таңда дежавю тек батыста емес, сонымен қатар, Ресейде де зерттелініп жатыр. Осындай тақырыпта Андрей Курганның "Феномен дежа вю" деген жұмысында уақытын зерттей келіп, толқудың нақты себебі - екі оқиғаның бір-бірінің үстіне қабаттасуы болып табылады. Бұл қабаттасудың себебі уақыттың өзгеруінде. Болашақтың қазіргі кезбен ауысып кеткені секілді болуы.[1][2]
0 дауыс
түсінген адамға уақытты босқа өткізу қылмыс
Имам Шафии хазретінің айтқанындай: “Уақыт өткір қылыш секілді. Сен оны кеспесең, ол сені кеседі. Біз уақытты айыптаймыз. Алайда, айып бізде. Егер уақыт сөйлей алғанда, ұялғанымыздан қашатын, тығылатын жер таппай қалар едік.”
–1 дауыс
Уақыт өткір қылыш секілді

Уақыт – өте құнды және шектеулі. Адамға бір рет қана берілуде, қайта айналып келмеуде. Сондықтан уақытты ең құнды амалдармен өткізу керек. Өйткені пайғамбарымыз (салаллаһу алейһи уә сәлләм) «Ертең істеймін деген адам құрыды, зиян етті» деген.

Ибн Қайз хазрет өзімен көріскісі келген кісілерге: “Алдымен уақытты тоқтатыңдар, біз де сендермен әңгімелесейік. Алайда уақыт зымырап өтуде және қайта айналып келмеуде. Уақытты жоғалту, ең қиын нәрсе, оның орнын толтыру мүмкін емес” деген.

Уақытты үнемді пайдалану тұрғысынан да дін ғұламалары ең жақсы амалдарды істеген және “Аламәт-ул мақт, изаат-ул уақт” деп, “жамандықпен ақымақтықтың белгісі – уақытты босқа өткізу” деген. Имам Ғазали хазреті: «Өткен күн өтті, ертеңіміз белгісіз. Олай болса, сен бүгінгі күнді үнемді пайдалан!» деген.

Фудаил бин Ияд хазреттеріне жағдай сұрасып келгендер:

– Мырзам, сіздің уақытыңызды алмадық па?- деген кезінде:

– Иә, дұрыс айтасыңдар. Негізі кітап оқып отыр едім, сендер келген соң кітабымды қоя тұруға тура келді,- деп жауап берген.

Имам Малик хазреті дәретханаға кететін уақытты үнемдеу мақсатымен үш күнде бір рет дәретханаға шығу үшін аз жеп, аз ішетін болған.

Байлығы еріген адам!..

Жаз күні медресесінде дәріс беріп жатқан Фахреддин Рази хазреттері жолдан өтіп бара жатқан мұз сатушының: «Байлығы еріп бара жатқан бұл адамға көмектесіңдер!» деген дауысын естиді де шәкірттеріне бұрылып: «Адамға берілген өмір де мұз секілді лезде еріп кетеді. Аллаһу та’алаға ант етейін, тамақтанған кездерімде іліммен айналыса алмағандықтан қатты қынжыламын. Өйткені, уақыт өте құнды» деген.

Мұхаммед Париса хазреттері кейін істейміз, ертең істейміз деген адамдарға: “Бүгінгі күн – кешегі күннің ертеңі еді. Олай болса бүгін не істедіңдер, ертең істеймін дейтіндей?” деп жауап беретін еді.

Яхия бин Хубейр хазреттері бір шәкіртіне: “Үнемдеу қажет болған ең құнды нәрсе – уақыт. Бірақ, ең оңай жоғалтатын нәрсе де – сол” деген.

Имам Шарани хазреті уақытты үнемдеу жайында: “Қарапайым адам уақытын қалай өткізетінін, ал ақылды адам уақытын қалай қолданатынын ойлайды” деген.

Ибраһим бин Әдхәм хазреттері сұхбат айтып отырғанда, шәкірттерінен біреуі:

– Мырзам, сіз уақытыңызды қалай өткізесіз және басыңызға келген жағдайларды қалай қарсы аласыз,- деп сұрайды. Сонда Ибраһим бин Әдхәм хазреті:

– Өмірімде болған жағдайларды аттарыма мініп қарсы аламын. Ниғметке қауышсам шүкір атына, қиыншылыққа душар болсам сабыр атына, ғибадат еткенде ықылас атына, күнә жасасам дереу тәубе атына мініп қарсы аламын,- деп жауап берген.

Өмірдің ең құнды кезеңі

Имам Раббани хазреті былай деген:

“Жастық шақ - өмірдің ең құнды кезеңі. Адамның денісау, қуатты болатын кезі. Бұл уақыт күн өткен сайын азайып, күш-қуаты әлсіреп, кәрілікке жақындауда. Ең құнды, ең қажетті іс болған Аллаһу та’аланы тану және Оның разылығына, сүйіспеншілігіне қауышуды қиял болған кәрілік шаққа қалдырған адамға обал болсын! Ең құнды уақыттарын ең зиянды, ең жаман болған нәпістің қалауларына қауышу үшін жұмсаудасың. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ертең істеймін деген адам алданды» деген. Аллаһу та’ала адамдар мен жындарды Өзін тану және разылығына, сүйіспеншілігіне қауышу үшін жаратты.

Уақыт өткір қылыш секілді. Ертеңге дейін өмір сүретініміз белгісіз. Маңызды болған істерді бүгін жасау керек, маңызды болмағандарды ертеңге қалдыру керек. Ақылды адам осылай жасайды.”

Қорыта айтқанда уақыт яғни адамға берілген мерзім шектеулі және өте құнды болып табылады. Сондықтан бұл құнды уақытты ең жақсы түрде өткізуге тырысу керек. Имам Шафии хазретінің айтқанындай: “Уақыт өткір қылыш секілді. Сен оны кеспесең, ол сені кеседі. Біз уақытты айыптаймыз. Алайда, айып бізде. Егер уақыт сөйлей алғанда, ұялғанымыздан қашатын, тығылатын жер таппай қалар едік.”
...