+2 дауыс
2.4k көрілді
Осы терминді алғаш ұсынған ғалым, қандай тәжірибе жүргізгендігі туралы толық кім айтып бере алады. Осы туралы ақпарттарды бере аласыздар ма? Дежавю деген киноны көрген едім.

3 жауап

+4 дауыс
Дежавю — бұл адамның психологиялық күйде болуы деген тұжырым айтады ғалымдар. Бұл кезде адам бір адам бір жағдайды көрген кезде, осы қазір көріп тұрған әрекет немесе істің болатынын алдын ала көріп қойғандай әсерде болатын күйді Дежа вю деп айтаймыз. Яғни ол әрекет өткен шақта болған жоқ. Нақты осы шақта болып тұрған көңіл күй.


http://aitaber.kz/blog/kino/2772.html Админ  ағаның мына постынан қарауыңызға болады.
+1 дауыс
deja vu  деген әнді естіп едім маган унады  [enter link description here][1]


  [1]: http://music.nur.kz/113300-ss501-deja-vu
whah))) kushti an
0 дауыс

Кейде дәл қазір болып жатқан нәрсені бұрын көргендей сезімде боламыз. Мұндай күйді адамдардың 97 пайызы басынан өткереді. Ондай кезде «бұл нәрсе бұрын болған сияқты» дейміз. Ғылыми тілде дежавю деп аталатын бұл құбылыстың мәні неде?

«Дежавю» – француз  тілінен аударғанда «көріп қойғанмын» дегенді білдіреді. Ол бір оқиғаның бұрынырақта қайталанғаны секілді көрінетін психикалық ахуал.

Қазіргі ғылыми зерттеулер дежавю кезінде адамның миында не болатынын көрсетті. Ондай кезде мидың дәл қазіргі қабылданып жатқан сигнал («бұл қазір болып жатыр») мен ұзақ уақыттық есте сақтау («маған бұл бұрыннан таныс») деген екі бөлігі бірдей іске қосылады. Есте сақтау бұл уақытта өте белсенді жұмыс істеп тұрғандықтан, оның сигналы қазіргі қабылдаудан аздап озады. Сөйтіп, «болашақты білу» сезімі бірнеше секундқа жылдамырақ пайда болады.

Осылайша, ғалымдар «дежавю – естің қателігі» деген тұжырым жасаған. Ал дежавюдің неліктен пайда болатынына ғылымда әзірге жауап жоқ.

Ғылыми зерттеулер бойынша, дені сау адамдардың 97 пайызға жуығы дежавюды бастарынан өткізген. Бұл құбылысты адамдар қолдан жасап, өздігінен болдыра алмайды. Осы себептер дежавюге байланысты ғылыми зерттеулер жасауға қиындық туғызуда.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
+2 дауыс
7 жауап
0 дауыс
3 жауап
...