0 дауыс
590 көрілді
ҰБТ екі кезеңге бөлінеді делінген еді: Ұлттық тестілеу және Кешенді тестілеу. "Бірінші кезеңде бес пән бойынша функционалдық сауаттылық сыналады, қазақ тілінен басқа пәндер жыл сайын өзгеріп отырады. Түлектердің өз ойын жеткізе білуін тексеру үшін эссе жазу қарастырылады. Ал екінші кезеңде талапкерлер жоғарғы оқу орындарына таңдаған мамандығына қарай пәндер блогы бойынша тәуелсіз тест тапсырады"

ОСЫ РАС ПА?!
Нұржамал Сақтағанова ханым! Бұл мәліметтердің сілтемесін жіберіңізші.
http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ubt-2015-jyilyi-da-boladyi-254385/
бұрынғыша қалатын болды,бүгін түскен жаңалық
Нақты сілтемесі керек. Немесе толық ақпарат беріңіз.
нур кз сайтында,сілтеме жіберуді білмеймін

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

 Екі реттік жауабыма кешірім сұраймын!

2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі екі кезеңге бөлінбек.

Білім және ғылым министрлiгiнен бұдан бұрын хабарлағандай, қазіргі бірыңғай тест жүйесі айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. Өйткені, "мектептен алған білімді тек бір салада толық көрсету мүмкін емес".

Сондықтан енді мектеп түлектері екі кезеңдік сынақтан өтеді. Алдымен олар бірнеше пәннен жазбаша емтихан тапсырады. Ал жоғарғы оқу орнына түсер сәтте кешенді тестілеуге қатысады. Яғни, талапкер алдымен аттестат алу үшін мектеп бітіру емтиханын тапсыруы керек. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшін бөлек сынақтан өтетін болды. Әрі екеуі де автоматтандырылған компьютерлік әдіспен жүргізілмекші. Жалпы нобайы жасалғанымен, әзірге жоба құрастырылу үстінде.

Кешенді тест екі бейінді пән бойынша өткiзiлуi мүмкiн. Сондай-ақ емтиханның өту формасы да өзгередi деп күтiлуде. Атап айтқанда, мәтінмен жұмыс жүргізіліп, біліктілікті тексеретін бірнеше тапсырмалар беріледі. Бұл оқушылардың жаттанды білімін емес, оны іс жүзінде қаншалықты пайдалана алатынын анықтайды.

ҚазАқпарат

–1 дауыс
Ол жағы наурыз айында белгілі болады. Ал 2016 жылы тест емес билет болуы мүмкін.
0 дауыс
2015-2016 оқу жылы ҰБТ болмайды деген бұйрық шыққан жоқ. Екі кезеңге бөлінуі мүмкін деп шыққан өсектер де бар. Бірақ әзірге бұйрық болмаса ештеңе де айта алмаймыз.
0 дауыс
"Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды".Оны бірнеше рет білім және ғылым министрі алдағы жоспарында айтып өткен. Ол күрделірек болайын деп тұр, 8 жауап нұсқасымен, бірнеше дұрыс жауабымен . Ол 2014-2015 оқу жылында емес, 2015-2016 оқу жылында болуы мүмкін. Ол алдағы уақытта ескеріліп, хабарланады. Осы жылы жылдағы ҰБТ-ді тапсырамыз. 2016 -да билет болмайды. Тесттік жүйе сақталады. Эссе және кәсіптік бағдарды тексереді.
–1 дауыс
Белгісіз оны әлі шығарған жоқ қой.
–1 дауыс
Иа 2 кезеңге болинеди 2016да билет болмайды.
Қазақтың әріптерін қолданыңыз.
0 дауыс
Жоқ. 2015-16 жылдары ҰБТ кәдімгідей бола береді. Оған әлі білім министрлері толық өздері көшкен жоқ. Біздің ағайымыз осы шаруамен Астанадағы жиналысқа барған. Сөйтіп 2015-16ж. өзгермейді. 2017 ден бастау алады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
7 жауап
+1 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
7 жауап
Белгісіз 17.11.2012 Мектеп сұрақ қойды
–1 дауыс
5 жауап
...