0 дауыс
1.5k көрілді
Ерекен Қорабаевтың әзіл-сықақ өлеңдерін жібере аласыздар ма? Өте керек болып тұр!

1 жауап

0 дауыс
Адасу

Ауылдан келген бала қалада адасып кетеді. Қаланың жөнін білетін әлдебір танысына телефон шалып, өзіне көмек беруін сұрайды. Сәл ойланған танысы: «Қай жерде жүргеніңді білейін, қасыңда дүкен бар ма? Қалай аталады?» десе, әлгі бала: «Дүкен бар, «Мы открылись» деген», депті.

«Пормысын ұқсатыпсыңдар…»

Маңғыстаудың ойындағы бір ауылдың тұрғындары жақсы істі қолға алып, қарбыз егеді. Алайда, мезгілі келгенде дөңкиіп өскен қарбыздың қайсысын жарып қараса да іші аппақ болып шығады. Топырақтың құнары келіспеді ме, әлде су жеткіліксіз болды ма деп дағдарып тұрғандарға тап болған көрші ауылдың азаматы:

– Ештеңе етпес, әйтеуір пормысын ұқсатқан екенсіңдер, деп басу айтыпты.

Ерекен ҚОРАБАЕВ.

Маңғыстау облысы.
...