+5 дауыс
737 көрілді
Жаңа-жыл бұл өткен жылды қортындылайтын кезең, 2014-шi жылы сайт қандай жетiстiктерге жеттi? Сiздер қандай жетiстiктерге жеттiңiздер? Келе жатқан 2015-жылы қандай арман тiлектерiңiз бар? Нелермен есте қалды? Адам жылдың соңы таяғанда ойланады екен, жасым мынаншаға өтiп бара жатыр немесе ата-анамның, бауырларымның жасы мынаншаға таяп қалды, мен не iстедiм олар үшiн, өзiм үшiн, не iстеуiм керек келер жылы, қандай қателiктер кеттi менен деген сұрақтар туындай бередi екен... Өзiме келер болсам 2014-шi жыл сәл ауырлау жылдай болды, бiрақ келер жылда алдыма қойған армандарыма, мақсаттарыма жетемiн деген, қателiктерiмдi түзеймiн деген қайсарлығым оянды. Жаңа-жыл бұл әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа-жылда Алла үйлеріңіздi нұрға, құшақтарыңызды гүлге толтырсын! Келе жатқан Жаңа-жылдарыңыз құтты болсын!!!
жаңа жылды тойламаймын деп жатыр едің ғо алдында
сөзінен секіріп кетті десеңші.
Аса қатты тойламаймын дедiм, тойламаймын дегеннiң өзiнде бұл басқаларды құттықтамаймын деген сөз емесқой. Қыз-келiншектердi 8-шi наурызбен құттықтайсың, бiрақ ол мерекенi тойлап кафеде балдармен отырмайсың ғой, бұл да сол сияқты әңгiме.
дұрыс дұрыс, просто сиқырлы, таңғажайып деп жатқасын қайдан білейін......

7 жауап

0 дауыс
аумин. бирге болсын
Бөлек болған жақсы негізі.
+1 дауыс
Әумин рахмет! Бірге болсын. Плюстар қайда?
+1 дауыс

Мына жазғаныңды бастан аяқ оқымаған мен ғана емес шығармын, сонғы сөйлемді оқыдым

Жаңа-жылдарыңыз құтты болсын!!!

Сені де және барлықтарыңды Жаңа жылдарыңмен!!!

+1 дауыс
2014-ке еш өкпем жоқ, дегенмен 2015 одан да жақсы болса екен деймін. Тілектеріңізге рахмет! Сізге де денсаулық, бақыт тілеймін .Жаңа Жылыңызбен (:
+2 дауыс
Кім жаңа жылды тойламайды плюс басып кетейік) Қанша екенбіз)
Бәрі тойлап минусқа толып кетпесін)
Жаңа жылдың пайда болуы христиан дінімен байланысты, тойлай-тойламау керек екенің нақты білмеймін, күмәнді, ал күмәнді нәрсеге жолама делінген.
Мынау авторын білмесем де ұнады))
Узак болды бул кауіптын тонгені
“Не ол” десен? Баяндайын кел бері
“Кагба” емес, шырша айналды казактар.
Уят болды имансызға ергені.
Аяз ата арманымды орында,
-деген созді жас балалар ерледі.
Салют атып ластауменен ауаны,
Аксакалдар далада жур тордегі.
Шампан атып, арак ішіп улкендер,
“Куаныш” деп билеуменен терледі.
Сокыр болып салюттардан біреулер,
Бурынгыша кен даланы кормеді.
Аяк алып журе алмайсын ол куні,
Тасталынган кокыстардан жердегі.
“Иса кудай” туылган гой деп журген,
Орыстардын мерекесі, сенгені.
Істер ушін дал осылай жасалган,
Не болады жагдайымыз кордегі.
Тусінерсін бул созіммен замандас,
Мен озінді еш ренжіткім келмеді.
Біз тойлайтын мереке емес жана жыл,
Емеспіз біз шайтандардын ермегі.
“Ораза айт” бар, “Курбан айт” бар мереке,
Сол кундерін жана жылмен тен бе еді.
Ай бірактан жана жылын озуда,
Біраз болды женісін де коргелі.
Бір Алладан тілеттірмей тілекті
Азгындатады ол мереке пендені
“Дед морозбен” тенестіру Кудайды
Ол Шайтаннын бізге салган ормегі
Оз салтыма, хак дініме берікпін
Бос мереке журегімді женбеді
Мен казакпын, мусылманмын сондыктан,
Жана жылмен куттыктама сен мені.
Жыл он екі ай жасыл түстің өрнегі,
Сұлу шырша таң қалдырған пендені.
Тамырына балта шабар шыршаның,
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.

Мұсылманмын құбыласы жердегі,
Қағбатулла Мекке деген төрде еді.
Қағбаны емес айналдырған шыршаны,
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.

Қытайларға санап беріп теңгені,
Отшашу да еріккеннің ермегі.
Отшашумен оттегімді ластаған,
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.

Тәкәппар ғып пісіретін кеудені,
Көр азапқа себеп болар көрдегі.
Шайтансудан ішіп тұрып тост айтар,
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.

Алла жалғыз! Тумады да өлмеді.
Иса – оның баласы емес! Пенде еді.
Туған күнін тойлайтұғын «Құдайдың»
Жаңа жылмен құттықтама сен мені.
Эм..... :о
Осы сайтты Дiни сұрақтары бойынша модератор ету керек қой сенi.
Жаңа Жыл - халықаралық мейрам. Оны әсіресе балалар қатты күтеді, ұмытпай жүреді. Сондықтан бұл жерге дініңді тықпа, айналайын)
Айналатын карусель емеспін)) Ешкімге тойламандар деп жазбадым ғой)
0 дауыс
Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда, жаңа бақытқа кенеліңіз.Қой жылы табысқа көптеп жетіңіздер.
0 дауыс
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда жаңа жақсылықтар мен табыстар келе берсін! Жақсы тойлаңыздар!
...