+1 дауыс
2.7k көрілді
Мына дүние жалған болса неге өмір сүресің?

13 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
білу талпыну сүю күю шыдау жеңу тек нәпсіге берілмеу!
+3 дауыс
Өмір жалған екен деп өмірге деген құштарлықты жоғалтуға болмайды. Керісінше жалған екенін, ұзаққа созылмайтынын әрдайым еске алып, әр сәтті бағалауға тырысу керек. Бұл дүние жалғандығымен, қысқалығымен қымбат. Адамның өмірі отшашудай бір сәтке жарқ етіп жоқ болып кеткенімен, жарық шашқан сәтінде адамдарға қуаныш сыйлайды ғой. Сондай адам болуға тырысып, қамшының сабындай ғана ғұмырды, жалған дүниені қалай мағыналы өткізуді ойлаған дұрыс.
0 дауыс
Сынақтан өту үшiн өмiр сүресiң...
+1 дауыс
Бұл өмір жалған, өйткені ерте ма кеш па барлығымыз өлеміз. Қанша жерден миллярдер болса да ол түбі өледі. Ал мәңгілік өмір алдыда, оған қандай жағдайда баратынымызға байланысты. Ешкім мына өмірдегі заттарын алып кете алмайды, тек иманы ғана өзімен бірге барады. Иманы көп болса жақсы өмір сүреді, аз болса.. ол белгілі Аллаһ ондайдан сақтасын. Меніңше мына өмір тек анау өмірге сорттаруымыз үшін ғана. сыналуымыз үшін ғана.
0 дауыс
Өмірге келген соң жақсылы-жаманды өмір сүруге тура келеді. Өмірге келудің өзі бақыт. Өмірге келмесең не болар еді? Жарық дүниені көре алмай, көрсе де ұзақ өмір сүре алмай жатқан сәбилеріміз, қазақ бауырларымыз  қаншама. Соларға қарап өмірге тәубе етуден басқа не шара
Тәуба дегеніміз істеген күнә үшін кешірім сұрап , күнадан қайту ! сіздің айтқыңыз келгені "шүкіршілік"
Солай ма? Дін жағынан білімім шамалы ғана
0 дауыс
Мына дүне жалған деп, енді өліп қалуымыз керек па
0 дауыс
"Адам не үшін өмір сүреді?" деген сұрақ философия ғылымының ең басты сұрағы. Оның жауабы табылған жоқ, табылмайтын да шығар.
Онда философтар басын қатырып жүре берсін ))
0 дауыс
Осы адамдар қайғырса я болмаса жолы болмаса өмір сүргісі келмей кетеді неге?? бәрі де Алланың сынағы ғой.
0 дауыс
Иә қарапайым сұрақ. Адам не үшін өмір сүреді н/е не үшін жаратылған деуге де болады. Оған қарапайым жауап: Адам Аллаға құлшылық ету үшін жаратылған. Бұл жерге адамды сынақ үшін жіберген. Алланың жіберген 5 парызын орындау ж/е сауап іс жасау. Бұны білмейтіндер де бар, Аллаға сенбейтіндер де бар. Кейбір біліп, түсініп тұрып орындамайтындар да бар( Ішінде мен де бармын) Ауыр сынақ.
0 дауыс
Бұл өмірдің мағынасы да сол ғо. Келесі өмірге дайындалу.
0 дауыс
Сынақтан өту керек.
0 дауыс
Алланың жазғаны ғой.
0 дауыс
бұл дүние - сынақ, шын өмір арғы дүние де ғана!!!
...