+2 дауыс
2.9k көрілді
Қиын кездерде Құдайға сену керек пе әлде өзіңе сенім арту керек пе? Құдайға жалбарынып, құлшылық жасау керек пе әлде өзіңе сеніп:

-Жоқ! Мен бұлай жасамауым керек деп өзіңе сенім арту керек пе?
Менің бұлай сұрақ қою себебім, бір психолог көбіне әлсіз адамдар қиналған кезде сөйтіп Құдайға жалбарынады деген пікірі себеп болды. Мен Құдайға сенемін, намаз оқуды да құптаймын. Бірақ бәрібір де өзіңе сенім арту керек деген ойдамын.
 

Бұл діни сұрақ та шығар, мүмкін діни емес те шығар. Бірақ, жауап күтемін.

15 жауап

–4 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам бірінші өзіне,  екінші отбасына, үшінші достарына сену керек. Құдай әр адамның проблемаларымен айналыспайды ау деген сенімдемін.
0а0а әр адамның)))
Белгісіз
+3 дауыс
Мен құдайға сенемін!
+3 дауыс
Құдайға сеніңіз, бірақ қиындықтан шығу үшін өзіңіз тырысыңыз.
+2 дауыс
Әуелі Құдайға сену керек, әрине. Сонда адамның бойында да сенім пайда болады. Біз "Құдай берем десе, форточкадан-ақ бере салады" дегенді жақсы көреміз ғой. Бірақ бергенін алу үшін де орныңнан тұрып, терезені ашу керек емес пе?! Яғни, менің айтпағым, Құдайдан тілеп, бойыңа сенім ұялатып алған соң, қалайда орындалады деген нық сеніммен барынша талпынып көру керек. Екеуін бірге алып жүру керек.

Сұм тағдырдың сәттері көп сынайтын,

Төзімі аздар тәлтіректеп, құлайтын.

Тәңіріңнен сұрама сен жеңілдік,

Жігер сұра сан сынаққа шыдайтын.
Құдайға сенгеніммен бойымда бәрібір сенім жоқ че-то.
+2 дауыс
Әрине өзіме де, құдайға да сенемін.
+3 дауыс
Бірінші Алла, екінші өзіңе сен. Батырлық жырларда батырлар Құдайға сыйынуды ұмытып, тек өзіне сенген сәтті күшінен айырылып қалады.
+3 дауыс
ең бірінші Аллаға деген сенімің болу керек. Алдамшы дүниеге алданбау керек. Одан да құнды нәрсе бар екенінін ұмытпа. Ол Аллаға деген сенімің яғни иманың
0 дауыс
Мен негізі діни сұрақтарға жауа бермеймін деп едім, бірақ мына сұраққа жауап беруге тура келіп тұр,

Егер сіз дінге, құдайға сенсеңіз әрине, құдайға жалбарынған жақсы, психологиялық тұрғыдан көп пайдасы бар (адам психикасы әлсіз, солай жаратылған, бір нәрсеге сеніп, сүйеніп жүруі керек),

Ал жаратқанға сенбейтін болсаңыз өзіңізге ғана сенуге тура келеді (өз психикаңыздың күштілігіне)
Сіздің осындай теманы айналып өтпейтініңзді сезіп едім ))))
+3 дауыс
Аллаға сен сосын өзіңе сен
Менің ойымша Аллаға сенген дұрыс әрине, бірақ 1 орында өзіңе сену керек сияқты.
+3 дауыс
Алладан берекет,
Сенен әрекет...
+1 дауыс
Бір Алла деп өзіңе сен,өзіңді алып шығар..Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
+1 дауыс
Тек қиын сәттерде ғана емес,Бір Алланы аркез естен шығармай оған сенбегенің ұшінде кешірім сұрауын керек. Сен  өзінді-өзің жасап алған жоқсыз ғой? Сондықан өзіңе деген сенім мен күш-қуаты, жыгер мен сананы-да Алла ! берген береді де!
+1 дауыс
Бірінші Аллаһқа  сеніңіз . Содан кейін қиыншылыққа  сабыр етіңіз . Әр қиыншылықтан кейін бір жақсылық бар . Әр аурудың бір шипасы . Аллаһ пендесіне шамасы келмейтін  қиыншылық жібермейді . Дұға көп тілеңіз . Аллаһ ерекше мейрімді .
+2 дауыс
Құдайдың ниет еткен әр пендесіне көмек болатынына сенемін! Әрі қарайғысы, адамның әрекетіне сай нәтиже болатын шығар.
0 дауыс
Əрине сену керек мен сіздің орныңызда болсам бұндай  сұрақ қоюдан қорқар едім! кімнен?десеніз-АЛЛАДАН.Басымыздан қиыншылық өтсе біржеріміз ауырса Құдайға сеніп құлшылық жасаумыз керек.Жəне де сол қиыншылықтан шығуға амал жасаумыз керек
...