Бір білерім Ресейде жаңа жыл тек салют ату және ескі жылды шығару. АҚШ-та жаңа жыл Рождество деп аталады. Олар біз секілді тойлайды.
- Шотландия мен Уэлсте ескі жылдың соңғы секундында есікті кеңірек ашып, ескі жылды «шығарып» жібереді де, Жаңа жылды «кіргізеді».
- Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта, қыркүйектен наурызға дейін қарсы алады. Мереке құрметіне ұшырылған көлемі өте үлкен, түрлі-түсті батпырауықты екі мерген садақпен атады. Біреуінің оғының басында от болады. Батпырауық жанған кезде той басталады.
- Панамада Жаңа жыл өрт сөндіргіш мұнарадағы зор қоңыраудың құлақ тұндырған ащы дауысымен басталады.
- Болгарияда Жаңа жыл дастарханына басқа да тәтті тағамдармен бірге күміс теңге қосып, бірнеше қабат етіп пісірген самса қойылады. Оның жанында денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің белгісі – кизил ағашының бір бұтағы жатады. Күміс теңге тап болған адам Жаңа жылда зор бақытқа кенеледі деп есептеледі. Дастархан басында біреу түшкіріп қалса, жақсы ырымға санайды. Оған көктемде туған алғашқы қозыны, лақты, құлынды, әйтеуір, бір жас төлді сыйға тартады.
- Иранда Жаңа жылды наурызда қарсы алады. Дәл сағат 12-де үстел басындағылар қолына күміс теңге ұстауға тиіс. Әйтпесе, халық нанымында ол адам жыл бойы жат елде өмір сүреді.
- Бразиялықтар Жаңа жылда көшелеріндегі бағандарды гүлмен, қоңыраумен безендіріп қояды.
- Эфиопиялықтар Жаңа жылды қыркүйектің 10-11-інде қарсы алады. Жаңа жылда бірыңғай ақ киім киеді, ерте тұрып, шіркеуге барады. Сосын самырсын ағашының көлеңкесінде Жаңа жылға арнап дастархан жаяды. Балалар Жаңа жылға арнап салған суреттерін ата-анасына сыйлайды. Үй ортасына жіп керіп, әлгі суреттерді іліп қояды. Сонан кейін мерекелік дастархан басына отырады.
- Шығыс елдері дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні яғни 22 наурызда атап өтеді.
- Жаңа жыл қарсаныңда Америкада ең күшті , ең мықты қайратты деп саналатын конкурс өткізіледі.
- Варшава қаласы нағыз балаганға айналады.Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулар мен бояйды. Көшелерін түрлі шарлар мен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады.
- Германия-ұлы ғалымдардың, ақындардың музыканттардың отаны.Жаңа жылдық түнде Моржатазартқышты кездестіріп, күлге бүліну-Германияда бақытты белгі деп саналады, ал түнгі 12 00-де, орындық пен үстелдін үстіне шығып,айқайлап Жаңа жылға қарсы секіру керек екен.
- Кения тайпаларының бірі Жаңа жыл қарсанында бір-бірінің бетіне түкіреді екен, солай олар денсаулық, бақыт, табыс тілейді екен...
- Италияда Жаңа жыл түні терезелерінен далаға ескі заттарды лақтырады. Мыс: орындық, лампа, шелектер. Егер ескі заттарды далаға лақтырса, Жаңа жылда дәл сондай затқа ие болады. Италияда әр отбасы Жаңа жыл түнінде ішіне түрлі сюрприз жасап, торт пісіреді.
Қайнар көзі: https://surak.baribar.kz/61268