+1 дауыс
4.5k көрілді
Бұқар жырау толғауларындағы тарихи тұлғалар бейнесі?

2 жауап

+1 дауыс
Кіріспе
Абылайхан бейнесінің Бұқар жырларында жырлануы
Үмбетей жыраудың Абылайхан бейнесін сомдауы
Тәтіқара жыраудың Абылайхан туралы жырлары
XIX ғасыр өлең жырларындағы Абылайхан
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
«Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке
Демек, ел басынан өткен XVIII ғасырға
Тарихи өлең, жырларға өзек болған жайлар
Абылайхан бейнесінің Бұқар жырларында жырлануы.
Бұқар жырау поэзиясы арқылы Абылайдың қолбасшылық,
Абылай туралы молынан жырланған әрі өзі
Абылай туралы молынан жырланған әрі өзі
Бұқар жырау поэзиясы арқылы бізге Абылай
Жалпы Бұқар өлең-толғауларының басты кейіпкері Абылай
Ай Абылай, Абылай!
Мен сені көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің
Әбілмәмбет патшаға
Қызметші болып жүр едің
Сен қай жерде жүріп жетіктің
деп біртоқталды.»
Тарихи деректерге сүйенсек, Абылайдың Әбілмәмбетте қызметші
Бұқардың
Дәулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа
Бақ үйіне түнедің –
деуінің де мәні бар. Шын мәнінде
Ашуланба, Абылай,
Ашулансаң Абылай,
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазыға салармын
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма
деп кемшілігін бетіне басады. Жалпы хандардың
Бұқардың бұрын жарияланған шығармаларында бұл өлең:
Орыспенен соғыспа
Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба
деп берілген.»
«Осыншама өзіңді тәрбиелеп басына көтерген жұртыңды
Осы жолдардың алдында Абылай былайша дәріптенеді:
Жұлдызың туды – ау оңыңнан,
Жан біткен еріп соңыңнан.
Он сан алаш баласын
Аузыңа құдай қаратып,
Жусатып және өргізіп,
Жұмсап бір тұрсың қолыңнан.
дей отырып нағыз өз жерінде тура
Отыз жасқа келгенде
Кең дүниеге кенедің, -
дегені 1740-1745 жылдарымен сәйкес келеді. Бұл
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде,
Соқтырып аққан сен едің, -
деп жырау толғауына өзек болған бұл
Бұқардың «Құбылып тұрған бәйшешегі» жоғарындағы толғаудан
Хан Абылай атанып,
Жайнап шықтың жасыңнан, -
деп Абылайдың жасынан халқының қайраткер тұлғасына
Бұқар жырау «Ай Абылай, Абылай!» деп
Жыраудың:
Қалмақтан алсаң бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас, -
Дегені де осыған саяды. Одан әрі:
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан.
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан! –
Деп, қалмақтан әйел алуға кеңес бере
Абылайдың жоңғарларман, Қытаймен, Орта Азия хандықтарымен,
Жалпы Бұқар толғауларында сол замандағы басқа
Абылай тұлғасын жырлауда ақын-жырауларға тән көтеріңкі
Қорыта келгенде, Бұқар шығармашылығының негізі –
«Жұлдызы оңынан туып, жан біткен соңынан
Бұқар поэзиясының құрылысына келсек, Абылай туралы
«Бұқар XVIII ғасырда поэзиямызды эпос, ұсақ
1 Ә. Тарақ «Алаштың айбын ардағы
2 Ә. Тарақ «Алаштың айбын ардағы
3 Сонда 34 – бетте
Үмбетей жыраудың Абылайхан бейнесін сомдауы.
Абылай тұлғасын өлеңдеріне өзек еткен сол
Салмақтасаң, айта ғой,
Хан алдында, күшінуді.
Елімді иесіз деймісің,
Ерімді иесіз деймісің, -
деп асқақ айтуы да Абылайдың ел
Бұқар:
Тұғыр болған сол еді
Сіздей төре сұңқарға,
Бәйгелі жерде бақ болған,
Сіздей жүйрік тұлпарға, -
Десе, Абылайды төре тұқымы етіп ерекшелеу
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда.
Жалғазбын деп шошымай.
Еш малшыға қосылмай
Қара жерге отырмай,
Күпіңді салып астыңа,
Жең жастанып басыңа,
Қол аяғың төрт жақта,
Жатушы едің сол жақта,
Ұмыттың ба Абылай, -
деп балалық шағының ерекше сәттерін түйіндейді.
4 Қуанышов. Ш Бұқар жырау
5 Жұмашев.Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының
Сол алғашқы ерлікпен даңққа бөленіп, есейе
Қалдан ханның әскері,
Іздеп сені әрі-бері,
Қапыда ұстап алғанда,
Алып барып Тәшкенде,
Тар зынданға салғанда,
Елің қараң қалғанда, -
деп жырау Абылайдың қапылыста жау тұтқынына
Сөзіне қарсы сөз айтып,
Жауаптастың, қарыстың,
Шешендік жолын тұтындың,
Үш ауыз сөзбен құтылдың, -
деп жырау Абылайдың қалмақ тұтқынында еңсесін
Жалпы Абылайдың қалмақ тұтқынына түсуі халық
6 Бес ғасыр жырлайды. 2 –
7 Сонда 53 – бетте.
Абылай өз басына төнген қауіпті мойымай
Демек, Абылайдың мойымас мәрттігі, қайсар, өжет,
Батыры ханға сай болды,
Елің жалпақ бай болды.
Елге лайық ер болды,
Өзге жұрт аңсар жай болды.
Яғни:
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан,
Қашпаған қандай ұрыстан, -
деп, жырау осыған лайық тұлғалар қатарында
Айтқан сөзін ием еді,
Жолыңды теріс демеді
Қай бақытың кем еді...-
деп ерекшелейді. Бұл «хан Абылай атандым,
жауының қанын ағызған,
аузынан балды тамызған
би менен батыр аз болып
тосырқап па едің шаба алмай,-
немесе, «Ел қорғаны көп еді» деп
8 Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі
Жырда әскербасылық іскерлігі асқақ сипатталады. Ол
Анау бір жылы аттанған,
әскерді қырғыз қырғанда,
басынан оба қылғанда –
деп Абылайға дейін болған шайқасты ойға
Бұл көк жарлы Көкжан Барақ бастап
Бөгенбай батырлығы, ерлігі Үмбетей жырында жырланғаны
9 Қазақстан тарихы 3 – том
Демек, Үмбетей өзі көрген, ішінде болған
Жырау белгілі оқиғаларды жүйелеп тұжырымдап келіп,
Тәтіқара жыраудың Абылайхан туралы жырлары.
Солардың бірі – Тәтіқара жырау. Мәселен
-тілің қырқылғыр, Тәтіқара, бірдеңе десейші,- деген
қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы болат найза,
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда,-
Деп Бөгенбай, Бөкей Сағыр, Деріпсәлі, Сары,
Дәл осы сәттен Абылай мен Тәтіқараның,
Мұны жан-жүрегімен сезген Тәтіқара жырымен жігер
10 Қозыбаев. «Жауды шаптым ту байлап»
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда
Ер Абылай қорыққан жоқ,
әншейін еңкейе бере жұлысты, -
деп, жырау ұрыс оқиғасын сыпайы сипаттайды.
Тарихи деректер Тәтіқара жырына өзек болған
Абылайдың қашып кетуіне мүмкіншілік берді. Басынан
әрбір мың адамның бесжүзін атыс қаруымен,
Тәтіқара айтты деген бір толғауда:
Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді –
Түркістанда жүр еді-ау,
Әбілмәмбет ағаңа,
11. И. Тасмағанбетов «Дала даналары» 19
12. Сәтпаева. 15-18 ғасырлардағы Қазақ әдебиетінің
Қызметші жүрген ұл еді –ау
Үйсін Төле билердің,
Түйесін баққан теріс аяң құл еді
Деп Абылайдың есею, өсу жолдары баяндалады
Ақылдасып, жолдасып
Хан көтеріп еді,
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді,
Ат құйрығын сүзіңдер,
Хан талау қылып алыңдар! –
Деп ханға халқын қарсы қояды.
Жыраудың мұншалықты өктем де өткір, ашына
Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара ханның жеке басындағы
XIX ғасыр өлең жырларындағы Абылайхан.
Абылай жайындағы жырларды 19 ғасыр поэзиясынан
Алайда біз тарихи – жыр дастандарды
Абылай өз заманындағы ақын-жыраулардың өлең- толғаулары
Үш жүзді бірдей күткен хан Абылай,
Атаң Әділ сұраған жұрт едім-ай –
Деп ұлы жүздің бір бөлігіне баласы
Батыл жомарт беделді, батыл болсын,
Секілді айдыны асқан хан Абылай, -
Деп Абылайды жігіттіктің, серіліктің үлгісіне балайды.
Бүгінде халық бақты сізге берді,
Артық па манаптығың Абылайдан депті.
Ақын қандай мнап болсаң да, хан
Абылай- өзінің Қасымдай ұлынан туған қазақтың
Мұның шындығын Кенесарыға қатысты жыр –
Науан:
Сұрасаң атам аты –хан Абылай
Бақ берген бабамызға патша құдай, -
Бас болған хан Абылай барша жанға,
13 Сонда 76 – бетте.
Тіреусіз алтын қазық мұсылманға, -
деп Абылайдың тек қазақ халқына ғана
Туғанда қасиетті қарбалас күн,
Ел қылып басын құрап бар алаштың.
Атақты Абылайдай ханы болған,
Жүзіндей өткірлігі ақ алмастың, -
Деген жыр жолдары Абылайдың қолбасшылық, саясаткерлік,
Ақ алмастың өткір жүзіне теңеу –
Жырдағы «Атақты Абылай» деген эпитет –
Патшалар мен теңеген,
Айтқан сөзі еле екені.
Еділ, Жайық ой асқан,
Абылайдан басқа жоқ екен,-
Деп Абылайдың қолбасшылық қасиетін биік қояды
Мұсылманды теңгерге,
Іздеп келген нашарды.
Баласымен тең көрген,
Кешегі өткен Абылай.
Абылайға бақ берген
Айналайын бір құдай,-
деп өзіндік пайымды ойымен түйіндейді14.
14. Ә. Тарақ «Алаштың айбын ардағы
Абылайдың кейінгі замакнда да атының ардақталып,
«Абылай!» деп ұран сап ат қойғанда
аққан қаның көктемде судай тасыр!
Деп Абылайдың киелі есімімен арқаланады, Абылай
Хан болып, халық болып үкім айтқан
Алаштың қорғаны еді паналайтын
Атына әлемге мәшһүрхан Абылай
Атағы алтын таудай болғаны айқын,-
Орнатып Көкшетауға пайтақ ытты,
Арман ғып әділдікті хүкім жайған.
Әділдікпен халықты ала көрмей,
Теңгерген дәрежесін кедей, байдың
Ақылдан алты алашқа енші беріп,
Ұлтына суат болған шалқар айдын, -
деп Абылайдың даңқын, ұлылығын паш ете
Қорытынды.
Қорыта келе, «Халық ауыз әдебиетіндегі Абылай
Әсіресе Абылай тұлғасы 18 ғасыр ақын-жыра
0 дауыс

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы.

Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жерін баса көктеп енуін білеміз. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауытпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан. Қалмақ қолына қарсы тұрған қазақ қолын Абылай хан басқарып, оны Айдаболдан Аталық батыр мен Сүйіндік елінен шыққан Олжабай (1696–1792 ж) батырлар қолдаған. Қалмақтар арылғаннан кейін Абылай көрші Қырғыз, Ташкенттегілермен ерегісіп, оларға қыр көрсеткен. Олжабай Абылайдың бұл саясатына қарсы болды. Бұхар жырау Олжабайды қолдайды. Осы тұста халық аңыздарында Олжабай келіссөз жүргізіп қырғызды соғыссыз бітіреді-міс. Ауыз бірлігі мол кезінде Абылай қолы қалмақтың Қалден Серен хонтайшысын Қарқаралы, Баянауыл жерлерінен ығыстырып, көп олжалы болады. Бұхар Бөгенбайдың өлімін хан Абылайға естіртуші жыраудың бірі. Ол батырдың тарихи рөліне танып, оған деген халықтың қайғысын хан қайғысына ұштастыра жырлаған. Қазақтың даңқты батырлары қатарына алып, оны даралай да білген:

Қазақтың ханы Абылай, 
Абылай ханым бұл қалай? 
Ақиықты аспанға
Ұштаспай қып торлады. 
Құлағанға ұқсайды, 
Қазақтың қамал қорғаны. 
Қайғырамыз ханзадам, 
Айтпасыма болмады-
Батырың өтті Бөгенбай!

Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі Қытай мен Ресей аты қос алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасаған. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баһадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттелген. Әсіресе, оның толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленген. Мысалы, «Қилы заман» толғауындағы мына бір жайлар «Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Діндарының аты боп Күншығысқа қарайды. Шашын алмай, тарайды, Қүдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жок, Затсыз, тексіз бір кәпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жемқорларға жем беріп, Азды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды. Есен алар пұлыңмен, Солдат алар ұлыңнан, Күндердің күні, Абылай, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа, Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан», табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді. Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған.

Бұхар Абылай ханды да, Бөгенбай батырды да өз ортасында, басқа батырлармен бірге суреттейді. Олар бірінен бірі асып түсіп отыратын қайтпас ерлер. Солардың ішінде Бөгенбайдың тұлғасы өзгеше.

Бұхардың бұл сөздері қазақ хандығының сыртқы саясаты туралы айтылған ақылдар. Мұның өзі- жыраудың кезінде ел арасындағы саясатқа тікелей араласып отырғанының куәсі.

Бұхар өлеңдері- өзінің стилі жағынан ауыз әдебиетімен және өзінен бұрын жасаған Асан, Қазтуған, Шалгез жыраулар толғаулармен сабақтас, ақыл, нақыл, ғибрат, өсиет ретіндегі толғаулар.

1992 жылы Қазақстан Ғылым академиясы әдебиет және өнер институты жыраудың тұңғыш жинағын шығарды. Оны құрастырушы М. Жармұхамедұлы.

Бұқар жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен саралаған М. Әуезов: «Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады», — дейді. Жыраудың толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7–8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше «Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек» — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Жыраудың шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Мағауин, Р. Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген.

...