+1 дауыс
1.4k көрілді

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазір қыз ұзатуды үйлену тойынан бір элемет кем өткізеді тек бет ашарсыз басқа жағынан кем түспейді. Қазақта қыз ұзату дәстүрі негізі басқаша үйде сыңсу айтып,жөн жоралғысын жасап шығарып салушы еді қазір той қылатын болды кафеге апарып біреулер байлығына мақтанып жасайт,ал біреулер шаттанып жасайт(жалғыз қызына) не десеңде заман өзгерді адам солай, заманға бәрін апарып тіреп өкпе айтсаңда адам пенде ысырапты ойлағысы келмейді бұны түзетеміз қалай?
Иа, той жасап шығарып салғанды түсінбим қызынан құтылғанына қуанған сияқты
+2 дауыс
«Келін түсіріп, қыз ұзату» – әр қазақтың арманы. «Ұлын ұядан ұшырып, қызын қияға қондыру», жастарға бөлек отау тігіп, үйлі-баранды ету – әрбір ата-ананың парызы.
Кез келген тойдың машақаты да көп, көңіл қуантар рақаты да аз емес. Әсіресе, қыз ұзатудың «болғанынан боладысы қызық». Өйткені бұл тойдың кәдесі мен жөн-жоралғысы тізбектеліп, бітпей қоятыны бар. Бұл – қазақтың қыз баланы қаншалықты аялап, құрмет тұтатындығының белгісі болса керек.
Қазіргі таңда қыз ұзату тойы үйлену тойынан артық өтпесе, кем өтпейді. Көзге бірден ұрып көрінер ең өрескел тұсымыз – біз қазір құдды қызымыз үйленіп жатқандай, жас жұбайларды қыз жолдас, күйеу жолдасымен бірге төрге отырғызып қоямыз. Орыс пен Батыстан «жұққан дерт». Бұл жігіт жақта өтетін үйлену тойына жарасатын көрініс емес пе? Бұл дәстүр дұрыс бірақ,оны сол қыздың өз туып-өскен шаңырағында атап өтуі қажет сияқты...тойхана,кофе,бар не керек?
Негізі дурыс айтасыз. бирак оз басым кыз ұзатуға қатысып көрмеппин,)))тектуыскуандардын жасагандарын видеодан коргеним болмаса)Қазақ не жасасада арты ашылып, шашылғанша жасайтыны ешкімнен құпия емес. жасасын, бірақ әр нәрсенін өж жөні болған дұрыс сияқты.
...