+1 дауыс
20.1k көрілді

Кәсіпкер, бизнесмен деген кім? 

Кәсіпкер  – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Ол мемлекет тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кәсіпкермен бизнесмен бір! Кәсіпкер деген ферма, фирма, компаниясы бар адамды айтады. Яғни одан пайда көріп отырады. Мысалы ең алдымен кішірек бір тауықкүрке салып тауық бағасың, сосын жұмыртқасын алып, көбейтесің. Кейін көптеген тауықтар болған соң тауық фермасын ашуға болады. Сол фермаға адамдар аласың. Содан саған көптеген ақша түседі. Бизнес деген осы.
+2 дауыс
Кәсіпкер дегеніміз-белгілі бір кәсіппен айналысатын адам,яғни жеке кәсіп ашып сол жұмыспен айналысады. Бизнесмен дегеніміз-олда кәсіпкермен еш айырмашылығы жоқ.Мұндай мамандарды депутат,әкім яғни үкіметте жұмыс істейтін адамдармен айырмашылығы жер мен көктей.
+2 дауыс
Әр нәрседен 1 теңге болсада пайда көріп қалғысы келіп тұратын адам.
+1 дауыс
Кәсiпкер бизнесмен дегенiмiз бiздiң қиялымыз да, бай, деловой адам. Негiзiнде олай емес базарда пiсте сатып тұрған апамыз да кәсiпкерге жатады. Қысқасы кәсiпкер дегенiмiз өз жұмысымен айналысатын адам...
0 дауыс
Салаламатсыздарбы кыргызча жазып
0 дауыс
КƏСІПКЕР мен БИЗНЕСМЕН екеуі бөлек дүние,шатаспаңыздар!
...