Егер саяхат барысында құжаттарымды жоғалтып алсам не істеуім керек?

0 дауыс
488 қаралым
Егер саяхат барысында құжаттарымды жоғалтып алсам не істеуім керек?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 488 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Ондай жағдайда қай елдің азаматы/тумасы болып табылсаңыз, сіз құжаттарыңызды жоғалтып алған елде сол елдің дипломатиялық өкілдігін тез арада тауып алып, соған жүгінгеніңіз жөн. Сондай-ақ құжатыңыздың жоғалғандығы жөнінде полицияға хабарлау керек. Дипломатиялық өкілдікте сізге шекаралық паспортыңыздың көшірмесі, жалпыазаматтық паспортыңыздың көшірмесі және паспорттық көлемдегіекі фото қажет болады. Тек осы құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана сізге Отаныңызға оралуға мүмкіндік беретін уақытша куәлік рәсімдеуге болады. Егер құжаттарыңызбен қатар ақшаңызды да жоғалтқан болсаңыз, дипломатиялық өкілдік Отаныңызға оралу үшін қаржылай көмек те көрсететін болады. Алайда ол қаражатты елге келгеннен кейін қайтаруға міндеттісіз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы