+1 дауыс
353 көрілді
Егер де мен сапар барысында ауырып қалсам, онда маған кім көмек көрсетеді?

3 жауап

0 дауыс

Сіз немен жән қалай ауырып қалғаныңызға байланысты. Егер де Сіздің ауруыңыз жеңіл сипатта болса, ОРВИ мен жеңіл ауру, немесе Сіз бір жеріңізді кішкене кесіп алсаңыз, немесе Сіздің қан қысымыңыз жоғарыласа және т. б. Онда Сіз тез арада топ жетекшісіне хабарласуыңыз керек. Топ жетекшісінде міндетті түрде алғашқы көмек дәрі қобдишасы болады, ол арқылы жоғарыда аталған проблемаларды шешуге болады.
Егер де мұндай жағдай жеке тур барысында болса, онда Сіздің қонақ-үй персоналына жүгінуіңіз керек, және ол көмектеспесе – қабылдаушы тараптың өкілдеріне жүгінуіңіз керек. Олар Сізге сондай көмек көрсетеді.
Егер де Сіз өзіңіздің қандай да бір ауруға бейімділігіңізді білсеңіз (талма, демікпе, артериалды қан қысымының төмендеуі, тағы басқа), онда сапар алдында Сізге қажетті көлемде дәрі-дәрмектердің бар екендігін ойлаңыз.
Одан ауыр жағдайларға қатысты – тоқтатуы ауыр сыну, қан кету, ауыр жарақаттар болса – бұл жағдайларда Сіздің медициналық сақтандыруыңызда не көрсетілгеніне қарамастан жылдам арада жедел жәрдемді шақыру қажет; өйткені бұндай жағдайлар Сіздің денсаулығыңызға ғана емес, сонымен қатар өміріңізге тікелей қауіп төндіреді.
Егер де бөлған оқиға Сіздің сақтандыру компанияныңыздың тарапынанбірнеше сағат ішінде көмек ұйымдастыруды күттірсе, онда оны күту керек. Көптеген сақтандыру келісім-шарттарының шарты бойынша, сізге сақтандыру жағдайы туралы бірінші сақтандыру компаниясына дереу хабарлап, содан кейін көмек сұрау керек, немесе сақтандыру компаниясы ұйымдастырған көмекті күту керек. Өзінен өзі, сақтандыру жағдайының болуымен, Сіз турда жалғастыра алмайсыз және де бұл тәуекел сізбен сапар басталар алдында сақтандырылмаса да, тур бойынша Сіз алған сервистер мен қызмет көрсетулер құны сізге қайтарылмайды.

0 дауыс
Қасыңызға адам алып шығыңыз, әйтеуір ауырып қалсаң, адам шақырып, көмек береді.
0 дауыс
Құдайдан ғана көмек күе аласыз. Бірақ сапарға шығар алдында барлық жағдайларға дайын болып шығуыңыз керек.
...