+1 дауыс
2.2k көрілді
Алла қаласа екі күннен соң алып шаһарымыз Алматыға барамын. Мен жұмыс істейтін компания үш күндік тренингке жіберіп отыр. Бір құрбым әзербайжан ұлтының өкілі, Қазақ жеріне келгеніне 10жылдан асса да , жеке басын куәландыратын құжатын ала алмай жүр. Соған Алматы қаласындаға Әзербайжан елшілігінен анкета , т.б құжаттар алып келу керек. Сосын Аспендияров атындағы медициналық оқу орнына барғым келеді. Оқуымды Алматыға немесе Астанаға ауыстыруға ойым кетіп жүр. Қысқасы алып шаһарда адасып кетпеу үшін сіздерден біршама мәліметтер біліп алсам деймін. Алматы қаласындағы Әзербайжан елшілігі қайда орналасқан? Аспендияров атындағы оқу орны қайда орналасқан? Алматыдагы ғылыми зерттеу орталыгы қай жерде? Осы жерлерге қандай автобустар барады? (Нөмері нешінші)Аялдамаларының аты қалай аталады? Және сіз білетін жақсы деген қонақ үйлер тізімін жаза кетіңіз? Алдын ала рахмет айтамын.
Маған ешкім  көмек бергісі келмейді ((немесе Алматыдан қолданушылар жоқ, ех (

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Менің ойымша ең дұрысы "Қазақстан"  және "Алматы " қонақ үйлерінің біріне бару . Сонымен қатар   "ROYAL PETROL" сияқты қонақ үйлерде де тоқтауға болады. (Бағалары төмендеу ,  16000тг басталады ) "Royal Tulip" отелі де керемет отельдердің бірі*
2.Асфендияров атындағы университет  Төле би-Сейфуллинада орналасқан.
+2 дауыс
«Қазақ­стан» - қонақ үйі, Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты мейманхана. Өзінің ерекше пішінімен бұл қонақ үй — Алматы қаласының символдарының бірі.
+2 дауыс
Қазақстан ол 4 жұлдыздығой ең жақсысы керек болса Rixos қа бар 5 жұлдызды Масанчи мен Кирова көшесінің қыйылысында сосын сол қонақ үйде саған қызымет көрсететін қызметкерлер Алматыға сырттан келген қонақтарды машинамен керек жеріңе апарып акеліп керек десен қаланың жақсы жерлеріне апарып корсетіп қызмет істейді қысқасы кинодағыдайғой ең жақсы деген қонақ үй жаз депсің осы ақшаң жетсе ал жетпесе Алматыга келгенде маған звандасан болады керек адрестеріңді айтып берем  87076811600
...