0 дауыс
417 көрілді
Түркиядағы дүкендер мен әр түрлі мекемелердің жұмыс кестесі қандай?

1 жауап

0 дауыс

Дүкендер 09.00-ден 19.00-ге дейін күн сайын (жексенбіден басқа) жұмыс істейді, үзіліс – 13.00-ден 14.00-де дейін. Туризм орталықтарында дүкендер жексенбі күндері де кешке дейін жұмыс істеуі мүмкін. Мемлекеттік мекемелер дүйсенбі-жұма күндері 08.30-12.30 және 13.30-17.30 аралықтарында жұмыс істейді. Алайда жаз толық күшіне енген кезде бұл мекемелер түскен кейін жабылады. Сонымен қатар Шекер-байрам және Құрбан-байрам мерекелері кезінде де бірнеше күн жұмыс істемейді. Шипажай аумақтарындағы айырбастау пунктілері күн сайын, сенбі күндері кейбірі 12.00-ге дейін жұмыс істеуі мүмкін. Мұражайлар 08.30 немесе 09.30-дан 17.00 немесе 17.30-ға дейін (күндіз 30 минуттық үзіліс болуы мүмкін) ашық. Жаз мезгілінде мұражайлар кеш жабылады. Дүйсенбі – көптеген мұражайларда демалыс күні. Мешіттер әрдайым ашық болады, алайда намаз оқылып жатқан кезде, сонымен қатар қасиетті мұсылман күні – жұма күні мешітке кіруге болмайды.

...