+1 дауыс
2.3k көрілді
Әдебиеттің саласы!Түрі!

3 жауап

+1 дауыс
Көркем әдебиет саласы бар екенін білем.
Енді айтсай неше саласы бар екенін?
+1 дауыс
әдебиет эпос,драма,лирика дейтін үш салаға жіктеледі
+1 дауыс

Әдебиет (арабша — асыл сөз) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Әдебиет жанрлық жағынан ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті болып бөлінеді. 

Мазмұнына қарай саяси, ғылыми, техникалық, көркем әдебиет болып бөлінеді. 

Қазақ әдебиеті  — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады.

Қазақ халқында ауыз әдебиеті бірінші дамыды. Қазақ халқының өкілдері  өлең-жыр, ертегі, қисса, дастан секілділерді ауызша таратып отырған, соның арқасында көп өзгеріп, бір туындының бірнеше нұсқасы тараған.

Егер қазақ әдебиетімен танысқыңыз келсе, бірінші Абайды оқыңыз дер едім.

...