+1 дауыс
3.4k көрілді
Нанотехнология саласы Қазақстанда дамуда ма?

3 жауап

0 дауыс
Нанатехнология саласын енді қолға алынып келе жатыр. Нанатехнология саласы бойынша іс-тәжиірбиелер және ғылыми жобалар жасалынып тәжирбиеден өтуде
0 дауыс
Нанотехнологиялық өнімдерді бұрыннан да пайдаланып келеміз. Мысалы, тұрмыстық техникалар, құрылыс материалдары.
0 дауыс

Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химия қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым.

Бұған ғылыми фантастикаға ден қойған бірқатар жаңашылдардың да сенімсіздік танытары күмәнсіз. Мәселен, Scientifus Amerika журналының болжамына сүйенсек, таяу арада көлемі почта маркасына тең медициналық құрылғы жасалады екен. Соны жарақат алған жерге қойса жеткілікті, ол қанның құрамын, қандай дәрі қажет екенін анықтап, сол дәрі-дәрмекті қанның құрамына өзі жібереді. 2025 жылы дайын атомнан кез-келген затты құрастыруға қабілетті алғашқы нанороботтар жасалмақшы. Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өзгерістер болады: нанороботтар өсімдіктер мен жануарларды алмастырып, азық-түлік өндіретін дәрежеге қол жеткізеді. Осыған сәйкес экологиялық жағдай да жақсара түседі. Өнеркәсіптің жаңа түрлері болашақта қалдық заттар шығармай, оның есесіне нанороботтар ескі қалдықтарды жояды. Тәжірибе барысында анықталғандай, тоннельдеуші микроскоптың бұрынғыларға қарағанда біршама артықшылықтары бар екен. Соның көмегімен жекелеген атомдарды "көруді" былай қойғанда, соларға әсер ету арқылы кез-келген кернеуді өзгертуге де мүмкіндік туады: қарапайым тілмен айтсақ, тоннельдеуші микроскоптың көмегімен атомды "іліп" алуға және қажетті жеріне қондыруға болады. Физиктердің атомдарды өз қалауынша орналастыруға теориялық мүмкіндіктері пайда болады, яғни соларды кірпіш секілді қалай отырып, кез-келген затты жасап шығуға болады екен.

Қазақстанда үш зертхана нанотехнология саласындағы зерттеулермен айналысып жатыр.

Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев 2010 жылы 7 желтоқсанда  "Назарбаев Университетінде" студенттер тарапынан қойылған сауалдарға берген жауабында айтты.

"Бұл жаңа бағыт, оның әлемдік ауқымы - 4 триллион американ долларына жетеқабыл, бұл қарқынды дамушы сала. Сондықтан, біз де осы мәселемен айналысудамыз. Бүгінде ондай зертханалар бізде - Алматыдағы әл-Фараби атындағы ұлттық университетте, Физика-техникалық университетінде, Шығыс Қазақстанда бар. Осы үш зертхана нанотехнология бағытындағы жұмыстармен айналысатын болады", - деп нақтылапты Н.Назарбаев.
Елбасы сондай-ақ, нанотехнология саласын дамытуға бизнес-құрылымдардың белсенді атсалысуы керектігін айтып өткен екен.

2014 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Қазақстан-Британ техникалық университетінде күн батареясын дайындаудың қанатқақты желісі жолға қойылды.

Бұйыртса, өндірілген күн батареялары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қойылмақ. Жобаны таныстыру барысында батареяның дайындалу үдерісі толық айтылды. Күн батареясын жасауда кремний тілімі нөлден бастап дайын өнімге дейін 30 жоғары технологиялық операциялардан өтеді. Сөйтіп, күн батареясына айналады. Әрбір операция өте таза бөлмелерде жасалады. Оларда әрбір текше метр ауада көлемі 10 микроннан аспайтын бір ғана тозаң болуы керек. Бұл өндіріс желісін жолға қоюға үш жыл уақытымыз кетті! Оған 2,5 миллион доллар жұмсалды. Ал батыста осындай бір ғана қанатқақты желіні іске қосуға 10 миллионнан 50 миллион долларға дейін жұмсалады.

Әзірге университетте күніне 10 шаршы метр күн батареясы жасалмақ. Өйткені, бүкіл үдеріс тек қолмен жасалады. Дегенмен, болашақта тиісті аппаратуралар жеткізілген соң, өндіріс көлемі ұлғаяды.

Айта кетелік, күн батареясын жасау технологиясы әлемде құпия болып саналады. Ешбір кәсіпорын өздерінің технологиялық әдістерін өзгемен бөліспейді. Зауыттарына бөгде мамандарды кіргізбейді. Демек біздің ғалымдар әрбір технологиялық операцияны өз күштерімен жасауларына тура келген. Аталмыш күн батареяларының энергетикалық тиімділігі 30 пайыздан асады.

Нанотехнология туралы жақынырақ түсінгің келсе "Бросок Кобры" атты фантастикалық киноны көруге кеңес беремін. Сол кинода нанотехнологияны қалай, қай бағытта қолдану керектігін жақсы көрсетіп береді. Яғни қанның құрамына көзге көрінбейтін робот секілді құрылғыларды жіберіп, болашақта көптеген ауру т.б. құтылуға болатын дәрежеге жеткізбек. 

Қазіргі кезде ең жақсы зерттеліп жатқан сала осы нанотехнология мен нейрожелі және жасанды интеллект жақсы қолға алынып жатыр. Болашақта көрге көрінбейтін роботтар бізді кетіп бара жатып емдейтн дәрежеге жеткізеді.

 

Дерек көздері: 1,2,3,4,5

...