+3 дауыс
7.4k көрілді
Қолды,белді пытырлату зиян ба?

Түсінген боларсыздар,саусақты,белді кейде пытырлатып жібереміз ғой солай істегеніміз дұрыс па?

Ертен сол пытырлатқан жерлер қалтырап жүреді дейді сол рас па?

ОЛ менде әдет болып кеткен.

Пытырлатпасам бір түрлі боп тұрады сосын амал жоқ пытырлатып жіберемін жақсы боп қалады?

Сіздер сол істейсіздер ме?

10 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Буындарды пытырлату зиян. Ол буындардың ауруына әкеп соғады. Табиғи емес нәрселермен айналыспаған дұрыс.
Табиғи емес нәрселермен айналыспаған дұрыс.
Қалай сонда?
Табиғи жағыдайда буындар пытырламау керек ( В норме суставы не должны трещать). Орысша да жаздым ))
0 дауыс
Жоқ зиян емес, дәрігерлердің айтуы бойынша буындардың бойындағы су кетеді, аздап пайдасы да бар дейді
Сонда зияны мүлдем жоқ па?
+1 дауыс
Жоқ оның еш зияны жоқ екен.Американдық ғалым 60 жыл бойыл бір қолын пыртыладтып ал екінші қолын пытырлатқа тексертсе еш зияны болмаған
0 дауыс
+1 дауыс
Зиян, 59-ға келгенде қолың дірілдеп жүреді. Зияны қаншалықты тигенін білгің келсе екі қолыңды алдыға созып қозғалтпай ұстап көр, егер аздап дірілдеп тұрса онда жағдай қиын...
0 дауыс
Шытырлатқан зиян! Шытырлатқан алғашқы күннен сары су толады. Ол әдет болып кетеді. Ауру сияқты қайта-қайта шытырлата бересің.
0 дауыс
Физиологиялық тұрғыдан айтатын болсақ, саусақтың қытырдауы – газдың көпіршіктері шығаратын дыбыс. Ал саусақты қытырлату сіңірлердің жұмысын жақсартып, буындарды, бұлшық еттерді босатып, әлсіретіп жібереді. Калифорниялық дәрігер Дональд Унгер өте қызықты тәжірибелік жұмыс жасап көрген екен. Бұл зерттеуді жүргізуге бала кезінен бері "әй, саусағыңды қыртылдатпа" деумен келген анасы себепкер болды. Жас Дональд күн сайын сол қолының сүйектерін қытырлатып, оң қолына мүлде тиіспеген. 83 жылдан кейін, яғни 60 жыл бойғы зерттеу нәтижесі "Қолдағы саусақ сүйектерін қытырлату зиян ба?" деген сауалдың нақты жауабын бере алады. Сонымен дәрігер, екі қолдың да біркелкі жағдайда екендігін айтып отыр. Қытырлатқан сол қол да, зиян тимеген оң қол да аман-есен. Яғни, саусақты қытырлатудың ешқандай зияны жоқ! Егер сіздің ондай әдетіңіз болса, қам жемеуіңізге болады. "Әй, саусағыңды қытырлатпа!" деген сөзді әлі талай еститін боласыз, тіпті оларды сендірудің өзі қиынның-қиыны. Бірақ, саусақтарыңызға келер ешқандай қауіптің жоқ екендігін біле жүріңіз. Көптеген ғылыми, медициналық еңбектерде бұл әдеттің зиян екендігі жазылады, ал Дональдтің 60 жыл бойғы зерттеуін қалай жоққа шығарасыз? Ол осы жаңалығы үшін медицина саласында үлкен марапатқа ие болған.
0 дауыс
Арасына сары су толып қалады дейді ғой!
0 дауыс
Колды шытырлаткан дурыс емес колында сарысу жиналып калады.Бурин ата анам айтканда тындамайтынбын казир козиме жетти
0 дауыс
Мүлдем зиян емес бірақ едетке айналдырмаған жөн мен уже әдет болып қалған қолды қытырлатпасан бүртілі сезімде боласың шыдайалмай кетесің сол әдетті кетіретің бір нәрсе барма?

Ұқсас сұрақтар

...