Физиологиялық тұрғыдан айтатын болсақ, саусақтың қытырдауы – газдың көпіршіктері шығаратын дыбыс. Ал саусақты қытырлату сіңірлердің жұмысын жақсартып, буындарды, бұлшық еттерді босатып, әлсіретіп жібереді. Калифорниялық дәрігер Дональд Унгер өте қызықты тәжірибелік жұмыс жасап көрген екен. Бұл зерттеуді жүргізуге бала кезінен бері "әй, саусағыңды қыртылдатпа" деумен келген анасы себепкер болды. Жас Дональд күн сайын сол қолының сүйектерін қытырлатып, оң қолына мүлде тиіспеген. 83 жылдан кейін, яғни 60 жыл бойғы зерттеу нәтижесі "Қолдағы саусақ сүйектерін қытырлату зиян ба?" деген сауалдың нақты жауабын бере алады. Сонымен дәрігер, екі қолдың да біркелкі жағдайда екендігін айтып отыр. Қытырлатқан сол қол да, зиян тимеген оң қол да аман-есен. Яғни, саусақты қытырлатудың ешқандай зияны жоқ! Егер сіздің ондай әдетіңіз болса, қам жемеуіңізге болады. "Әй, саусағыңды қытырлатпа!" деген сөзді әлі талай еститін боласыз, тіпті оларды сендірудің өзі қиынның-қиыны. Бірақ, саусақтарыңызға келер ешқандай қауіптің жоқ екендігін біле жүріңіз. Көптеген ғылыми, медициналық еңбектерде бұл әдеттің зиян екендігі жазылады, ал Дональдтің 60 жыл бойғы зерттеуін қалай жоққа шығарасыз? Ол осы жаңалығы үшін медицина саласында үлкен марапатқа ие болған.