Әуіт - кішігірім өзен, бұлақ, сай, жылға аңғарларында бөгет салу жолымен жасалған, көлемі бір шаршыдан аспайтын суқойма, су жиналатын шұңқыр. Яғни, егіншілікке қатысты көнерген кәсіптік сөздердің бірі. (Дерек көзі: Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.)Ал ғаламтордағы онлайн аудармашы-сөздіктерде "бассейн" деп түсініктеме берілген екен. Мағынасына терең үңілмей сондай сөздіктерге сүйеніп жазылған шығар сіз көрген көшеде.