Мен қазақ азаматы ретінде шынайы жауап беретін болсам, жеке өзім жаңа жылды асыға күтіп жүрмін. Себебі, жаңа жылда би, ойын-сауық, қуаныш-шаттық, сыйлықтар, отбасы, туыстар, достар бәрі жиналады, шынайы мейрам екенін сезініп, жылына ең қуанышты күндердің бірін атап өтеміз. Ал тәуелсіздік күні бір жағынан мейрам болғанымен, екінші жағынан әр жылдардағы "ызғарлы желтоқсандарды" еске салып тұрады, мен үшін 16-желтоқсан патриоттардың мейрамы сияқты, өзім қатты патриот емеспін, сонда да ол күнді қатты құрметтеймін және 16-сына алаңға шығып мерекелік концертті көріп келемін..