Салт-дәстүр туралы | 18.4k қаралды
18.4k қаралды

2 жауап

Банудың жауабы ол жар-жар, сыңсу басқа мағынадағы өлең, ол әр түрлі мәтіндерде болады, Кетіп бара жатқан қыздың туған елімен, ата-анасымен, бауырларымен қоштасуы, мысалы жақын бір қарындасымның айтқан сыңсуы, тыңдап көріңіз
[url=http://download.files.namba.kz/files/6277231]Жұлдыз.mp3[/url]
Жақсы Жауап
Есік алды қара су,
майдан болсын жар-жар-ау,
Ақ жүзімді когендей,
айнам болсын жар-жар-ау.
қайын ене дейді гой,
өз анамдай өмірде қайдан болсын жар-жар-ау.....

Негізі толыгын кітаптардан табуга болады, менде бар. Егер қатты керек болып тұрса ерінбестен іздеп, жазып беруге бармын.
Аужардың ертедегі нұсқаларында жоғарыдағы Банудың жазғанындай жолдар бар, соны меңзеп жазып отырмын. "Аужарды кейбір деректе "Сарын" деп те атаған, қызды ұзататын күні қыздың ауылында айтатын болған. Ал, "Жар-жар" жігіттің үйінде айтылады және қыздар мен жігіттер айтыс түрінде айтады.
Ия, сіздікі дұрыс аужар мен жар-жар басқа түсінік, бірақ сыңсудың мүл дем басқа екенін сіз тарихшы ретінде түсінетін шығарсыз
Сенің айтуың да дұрыс. Ал, мамандығым тарихшы емес, мүлдем басқа сала.
Сонымен сынсу өлені бар ма достар?
Арнайы мәтін болмайды, әркім өзі шығарған мәтінді айтады ғой.
Әуеден ұшқан бұлдырық,
Құбыладан соққан ызғырық.
Жатқа кетіп барамын
Жаратқан соң қыз қылып,
Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын.
Қыз еркелеп ұл болмас.
Жанымдағы қыным ау,
Сіңлілер мен інім ау.
Жыл айналып келгенше,
Қош аман бол күнім ау.
Базардан келген құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.
Рахмееееееееееееееет:)
Өтінемін, маған тауып бере аласыз ба ? Маған өте қажет еді
118,602 сұрақ
305,931 жауап
153,310 пікір
68,358 қолданушы