Салт-дәстүр туралы сұрақ қойды | 3.8k қаралды
3.8k қаралды

Сүйінші. Жас нәрестенің дүниеге келуі жанұя мүшелеріне, ата-анасына, ата-әжесіне, туған-туыстарына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы отбасын асырау қамамыен мал соңында немесе аңда жүрген уақытта нәресте өмірге келсе, қуанышты хабарды жылдам жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаныә немесе әкенің алдынан шығып, сүйіншісін сұрайтын болған. 

Хабаршы сүйіншеге не сұраса соны беретін болған. Ол ең алдымен ат терлетіп қуанышты хабар жеткізушінің еңбегін бағалау болса, екіні жағынан, жақындықтың белгісі болып есептелген. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалатын болған.

Қазақтың көрнекті ақын қызы Фариза Оңғарсынова өзінің "Бабам қазақ" атты өлеңінде осы дәстүрді:

Бабам қазақ қаншама бала сүйген,

Мұрагерім болса деп мақсат қылып.

Ұл дауысы шыққанда қараша үйден

Атан сойып той қылған, ат шаптырып.

Сүйіншіге ұл туса бермегі көп, 

Әзер болса астында аты қалған.

Қыз туғанда "қырсықтың келгені!" деп, 

Қырын қарап еркегі жатып алған... -  деп суреттейді. Немесе "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында сүйінші сұрауға келген сақау кемпір дүниеге қыз келгенін жеткізгенде, қыз тудыға көңілі толмаған дүниеқор Қарабай сүйінші берудің орнына кемпірді сегіз өрме бұзау тіс қамшымен сабап, басын жарады. 

Ақын осы арқылы қаражүрек, қатігез, мейірімсіз Қарабайдың сараңдығын әшкерелеп отыр. 

Нәрестені атасына, нағашысына немесе әкесіне көрсетіп көрімдік алу дәстүрі де - ертеден ел ішіне кең таралған салт. Баланы қолына алып қуанышқа бөленген атасы:

Ақ тілек, ал ақ тілек!

Балбыраған бал білек.

Аулың толы мал, білек,

Атаңның тілін ал, білек.

Ақ тілек, ал ақ тілек,

Атаң кәрі шал, білек,

Отынға өзің бар, білек.

Ерте тұрып ерінбей, 

Еңбек істе қар күреп... - 

деп бата беріп, маңдайынан иіскейді. Көрімдікке ат мінгізу, шапан кигізу - ертедегі ел дәстүрі. 

1 жауап

жауап берді
Сүйншіні жақсы xабар естігенде сұрайды

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,710 сұрақ
302,678 жауап
153,348 пікір
65,064 қолданушы