+1 дауыс
1.4k көрілді
Қазақша фантастикалық әңгімелер жинағын газеттерге беруге болады ма? Олар қандай талаптар бойынша қабылдайды, және қай газеттерге берген тиімді? Қалай береді газетке, почтаға редакцияның адресі бойынша салып жібере саламын ба, қанша төлеуім керек? Әлде шағын кітап болып бірден шығарға дұрыс па?

2 жауап

+2 дауыс
Қазір кітап шығару автордың өз қаржысына шығарылады. Таратып, сату да автордың мойнында. Интернеттен тематикалық сайт тауып, соған орналастырыңыз. Бірақ, ол кезде еңбегіңізді біреулер ұрлап алуы мүмкін.
+2 дауыс
Бірінші авторлық құқық жағын реттеп алыңыз. Себебі басқа біреулер сіздің жазбаңызды өзінікі қылып шығаруы мүмкін! Сосын барып газеттерге жіберсеңіз болады.... Негізі өзіңіз кітап қылып басып шығарып, сосын жақсы жарнама жасап жіберсеңіз кітабыңыз жақсы таратылады (егер әңгімелеріңіз жақсы жазылған жағдайда)...

«Замана» баспасы түрлі жанрларда кітап дайындайтын редакциялық құрылым. Баспа ай сайын өндіріске бірнеше кітап дайындап береді. Әдетте бұл жерде «Замана» Баспа үйінің өз өнімдері шығарылады. Яғни кітаптар өз қаржымызбен басылады. Сондықтан бізге кез келген адам автор бола отырып, танымдық-тағылымдық тақырыптардағы шығармаларын ұсына алады. Баспа өндірісіне алынған қолжазбалардың авторлары тиісінше ынталандырылатын болады.

Біздің мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Майлықожа көшесі, 59-үй. Байланыс телефондары: 53-50-94, 43-24-67.
...