Кино | 286 қаралды
2015 жылы шығатын Фантастика жанрындағы филъмдердің толық тізімі керек еді

1 жауап

Белгісіз
Бұл жылы бізді қандай фантастикалық фильмдер күтеді?

Фантастика дегенде адамды ерекше рухтандыратын шабыт, әртүрлі эмоция, тың дүниелер күтеді. Жылдан-жылға фантастиканың көрермендері көбейіп, жаңа фильмдер көптеп шығып жатыр. Сіздердің назарларыңызға "елді елең еткізеді" деп күтіп отырған фантастика жанрындағы бір топ үздік фильмді ұсынғымыз келіп отыр.
Чаппи есімді робот(Chappie).

Режиссері:Нил Бломкамп.Рөлдерде:Шарлто Копли, Хью Джекман, Дев Патель, Сигурни Уивер. Бұл Нил Бломкамптың үшінші толықметражды фильмі. Басты рөлде адамға ұқсас ойлайтын, сезетін робот ойнайды.
Болашақтың мекені (Tomorrowland).

Режиссері:Брэд Берд.Рөлдерде:Бритт Робертсон, Джордж Клуни, Кэтрин Хан, Хью Лори. Джордж Клуни мен "Дисней" студиясының кинематографиялық жобасы. Фильмде 20 жасар сұлу бойжеткенмен болашақтың мекенінде саяхаттайды. Алайда фильмде аса драмалық қойылымдар жоқ. Бірақ көңілді әрі әдемі болады деп сенеміз.
Бәрі сен қалағандай (Absolutely Anything).

Режиссері:Терри Джонс.Рөлдерде:Саймон Пегг, Кейт Бекинсейл, Робин Уильямс, Майкл Пейлин, Терри Гиллиам. Фантастикалық британдық комедия өзінің табиғаттан тыс ғажайып қабілеттерін байқаған мектеп мұғалімі туралы болады.
Z - демек Захария(Z for Zachariah).

Режиссері:Крэйг Зобел.Рөлдерде:Марго Робби, Крис Пайн, Чиветель Эджиофор. Әлемде ядролық соғыс болып, аман қалғандар аз болады. Тіпті екі адамның кездесіп қалуы - үлкен сәттілік. Ал фильмде жас қыз бен екі жігіт кездеседі.
Терминатор: Генезис (Terminator: Genisys).

Режиссері:Алан Тейлор.Рөлдерде:Эмилия Кларк, Джай Кортни, Арнольд Шварценеггер, Дж.К. Симмонс, Мэтт Смит, Джейсон Кларк, Ли Бён Хон. Фильмнің премьерасы 2015 жылдың 22 қарашасында өтеді.
Ауа (Air).

Режиссері: Кристиан Кантамесса. Рөлдерде: Норман Ридус, Джимон Хонсу, Сандрин Холт, Дэвид Найкл, Паула Линдберг.
Бұрынғы машина (Ex Machina).

Режиссері:Алекс Гарленд.Рөлдерде:Алисия Викандер, Донал Глисон, Оскар Айзек, Челси Ли, Эви Рэй. Фильмде көліктен құрастырып алған сұлу бойжеткен мен бағдарлама жасаушы жігіт туралы баяндалады.
Пикселдер (Pixels).

Режиссері:Крис Коламбус.Рөлдерде:Адам Сэндлер, Кевин Джеймс, Мишель Монахэн, Питер Динклэйдж, Джош Гад, Брайан Кокс, Шон Бин. "Үйде жалғыз қалғанда" комедиясының режиссері түсірген бұл фильм көрермендердің жүрегіне жол таба біледі деген ойдамыз. Фантастиканың премьерасы 2015 жылдың шілде айында болады.

Дерек көз: http://massaget.kz/
121,539 сұрақ
310,598 жауап
153,256 пікір
69,660 қолданушы