+4 дауыс
822 көрілді
Ассалаумағалейкум ! Мен осы сайтқа тіркелгеніме қаңтарда тура 2 жыл болады.Сайт бас кезінде қызықты,жақсы болатын.Кейін,уақыт өте келе қызықсыз болып кетті.Мәні жоқ сұрақтар көбейіп кетті.Негізі іздеген кез-келген нәрсені гуглдатып жіберсең табуға болады.Мына сайтта мектеп оқушыларының үй тапсырмасы сұрақтарынан көз ашпайды.Сондықтан осы сайтты мектеп оқушыларына арнап,атын да басқаша өзгертіп қойсаңдар,сол дұрыс болатын сияқты.Бұрында компқа отырсам бірден осы сайтқа кіріп,осы сайтта отыратынмын,қазір мүлдем қызық емес болып кетті.Жұмыс бабымен вахтаға кетіп каламыз,келсек балл азайған,орын кейінге шегерілген.Әнгіме баллда,орында емесқой,бірақ адамды ынталандыратын осы балл,орын,атақ-дәреже деп ойлаймын.Бесіктен белі шықпаған балалар модератор болып алып,аузына келгенді оттап,жұртты келеке қылып,қит етсе ұнамаған адамын банға жіберіп,ойына келгенін істеп жүр.(Бәрі емес,әрине) Қысқасы, менің ойымша бұл сайт балалардың ермегіне айналып кеткен сияқты.Бұл сұрағымды жаппа деп айтпаймын,жабасыңдар ма жаппайсындар ма өздерің біліңдер,мен тек өз ойымды айттым,Мен бұл сайтқа енді кірмеймін.Сау болыңдар.
Ассалаумағалейкум шығар!
Сау бол!                                                                                                                             .
Жақсы қолданушы едіңіз :)
Жақсы қолданушы еді.. Арты қайырлы болсын.. Кеткеннің артынан кетпек жоқ.. Кеткен адамды жамандауға болмайды.. Сайтымыздың қағидасы бойынша арғы сайтқа жақсылап шығарып салайық, бауырлар.. Қош бол, Назымбек аға, арғы сайтта жайың модераторлықта болсын, аумин...
Өлейін деп жатқан адаммен қоштасқандай болдың ғой :о

10 жауап

+6 дауыс

Уалейкумассолам Назымбек.

Ар-арасында осындай сайтқа қатысты пікірталастар орын алып жатады. Мен де мейлінше пікірталастарға ат салысып, қолданушылардың пікірімен бөлісіп отырамын. Сайттың жетекшісі, әрі жасаушысы, жанашыры ретінде осы тақырыптағы орын алатын пікірталастарға жауап беру менің міндетіме жатады. Бірақ біз де көкірегінде жаны бар пенде болғандықтан сарқыламыз, физикалық түрде шаршамасақ та, моралды, психологиялық тұрғыда шаршаймыз. Соның әсерінен көп жағдайға мән бермей жатамын.

Сайтты дамытып, осындай дәрежеге сіздер мен біздер болып жеткіздік. Қазір қарап отырсам, сайттың тыныс-тіршілігі менің өмір сүруімнің бір бөлгешіне айналып кетті. Ұйқымнан тұрсам да сайтты ашамын, ұйқыға кетерде де сайтты толықтай бір аралап, тексеріп барып жатамын. Бұл тек бір күн ғана емес, 24 сағат, аптасына 7 күн, айына 30 күн, жылына 365 күн менің бақылауымда.

Сұрақ-Жауап сайты аты айтып тұрғандай сұрақ жауап сайты. Сайтта тіркелген қолданушы өзіне қызықты сұраққа жауап беріп ғана қоймай, өзінің де сұрақтарын арнайы санатты таңдау арқылы қоя алады.

Сұрақтар сезон деп айтады, жыл мезгілі секілді секілді қойлып жатады. Мектеп кезінде оқушылар өздерінің білмеген мектепке қатысты сұрақтарын қойып жатады. ҰБТ кезінде ҰБТ-ға қатысты сұрақтар. Сайттың ережесінде мектепке қатысты сұрақтар қоймаңдар деген ереже жоқ.

Әркім өзінің жағдайына байланысты сұрақты қойып жатады.

Модераторларға келетін болсақ. Сайтта Редакторлар болсын, Модераторлар болсын олардың үстінен қарайтын сайт әкімшілігі бар. Егер Модераторлар өз мүмкіншілігін шегінен шығып, жеке басының мүддесі үшін пайдаланып, сайт ережесін сақтамаса сайттың астында Кері Байланыс бар. Сонда толық түсіндіріп, болған жағдайды баяндап хат жазсаңыздар мен шешуге тырысамын. Модераторлар жас бала деп айыптауға болмайды. Ақылы асса аға ғой!-деген Төле бидің оқиғасын барлық сайттың қолданушылары білетін шығар. Мен Модераторды таңдағанда, жай түріне қара қоя салмаймын. Сайттағы белсенділі мен атқарған істеріне бағалап отырып Модераторлыққа тағайындаймын. Сондықтан оларды айыптау, келіспеушілік қалыпты жағдай деп бағалаймын. Ал шынымен де модератор сайт ережесін бұзып, жеке басының мүддесі үшін пайдаланса Кері байланыс арқылы хат жазыңыз. Мен тез арада шешуге тырысамын.

Сайттың қызық немесе қызық болмауы өз қолымызда. Ал балл жүйесіне келетін болсақ сайттағы ешкімнің балын, ешкім тартып алған жоқ. Балл азайып кемігенде, тек сіздің ғана баллыңыз азайған жоқ. Барлығының баллы бірдей жүйеде жұмыс жасайды. Есесіне біз сайтта шын белсендіні анықтау үшін жаңа балл жүйесін орнаттық. Ол туралы толық ақпаратты мына хабарландырудан оқысаңыз болады. Сұрақ-Жауап сайтының балл жинау жүйесі

Алдағы болашақта сайтты қызықтыру мақсатында, техникалық(Android қосымша) және т.б. конкурс болуы мүмкін, өзге де шараларды ұйымдастырып еңбек ететін боламыз. Құдайға шүкір қазір сайтымызға 4 жыл толды, 5 жылдығын үлкен шара ретінде атап өткіміз келеді.

Барша сайттың қолданушыларыа үлкен алғыс. Құдай қаласа сайтымызға 40 мыңшы қолданушы тіркеліп қалады. laugh

+6 дауыс
Сіз өзіңіз бір кішкентай бала сияқты кетіп бара жатсыз. Сіз сияқты ересек синтементальный адамдар өстіп өкпелейді де сайтта ылғи "щегол"-дар қалмағанда не істейді? )))) Осы Жомарт аға да, Жако ата да жүр ғой сайтта ештеңе демей-ақ. Иа. Маған да кейбір модераторлар ұнамайды. Бірақ бұл сайтқа мен модераторларға бола кірмеймін. Өзімнің де талай сұрақтарым сайтта шу тудырған. Өзіме қызық тақырыптар үшін ғана кірем Сайттағы балл жүйесі сайтта ұпай жинаушылар көбейгені себепті дәрежелердің баллы жоғарылатылған. Кете беріңіз, сізді ешкім күштемейді. Сіз сияқты үлкен кісілер битке өкпелеп тонын отқа жағып тастап кетсе сайтта ылғи ұсақ балалар қалмағанда не болады? Кейін бәрібір кіресіз шын айтам.
+3 дауыс
1. Ештеңені өзгертпей ақ қойыңдыр. 2. Сізге кіріңіз -кірмеңіз деп ешкім айтпайды. 3.Бұл Сұрақ жауап сайты, сұрақ қоясыз, оған жауап аласыз.
+3 дауыс
Уағалейкум Назымбек сайтта Модераторлар нешеу екенiн бiлмеймiн әйтеуiр en-аmor ды бiлемiн, олда бөтен қолданушы деп ойламаймын, арамыздағы бiреу, өйткенi тек қажет кезде ғана пiкiр ескертпе берiп отырады. Менiң де алдын Модераторларға өкпе болып жүрушi едiм, какой то пацан маған ақыл айтып жүр деген сияқты, қәзiр есе солармен әзiлдесiп жүрмiн )) Өйткенi олармен зерiкпейдi екенсiң. Баллдан барлығымыз шегерiлдiк, оған да көндiк. Балл ол жинала бередi. Менде банға түскем керi байланысқа жазып аман есен шығып алдық. Модератор жастар болмағанда кiм болады, мысалы бiз кейде бармыз кейде жоқ, вахтаха жұмысқа кетiп қалсақ сайтқада бiреу ескертпе берiп қадағалап отыру керек қой. Ал жастардың қолдары бос. Болар болмасқа жүйкеңдi тоздыра бермесейш, әлi көп қажет болады.
;-) ))) .....
Мен ен аморды кыз дкеп журсем шал диди гой
Жоқ ол әйел  емес еркек
ен амор қыз ғой :/
Мен еркек деп жүрсем оны қайдан білесің?
Аты шулы Анонимус тобының хакері. Өкінішке орай басқа ақпарат жоқ.
Дұрыс айтасың :)
+3 дауыс
Айтылған жағдайлардың арасында модераторлар туралы дұрыс айтылған. СЖ сайты сияқты сайттар Интернетте көп деуге болады, әсіресе Рунетте. Сайттың форматы солармен бірдей: сұрақ қою, жауап алу, пікір бөлісу. Сондықтан, мектеп программасынан болсын, жоғары технологиялардын болсын, күнделікті тіршілік мәселелері туралы болсын, кез келген қолданушы кез келген сұрақты қоюға құқылы. Оған ренжуге болмайды.
–1 дауыс
Баллыңызды маған қосып кетіңіз.
+1 дауыс
Сені біреу күштеп сайтқа кіргізіп жатқан жоққой?,Кетсең кете бер.!
Айтқандарының көбісі шындық қой :о
Жәрайсың! Шынындада да оған біреу кір деппа.
+1 дауыс

Сайтта қанша адам онлайн боп отырғаны көрініп тұратын болсыншы бұрынғыдай)

Домбырам дегеніңізді түсіңбедім?!)
Домбыра деген сіз. Домбыра күй төгеді. СМол сияқты сіз де төгілтіп отырсыз.
Ештене төгілтіп отырғаным жоқ, бәрі дұрыс қой)
Домбыра шертілгенде бір мағына береді. Сол сияқты сіз онлайн боп тұрсыншы деп тұрсызғой
аха, онлайн боп тұрса несі жаман?
Мен онлайн болмасын демеген сияқтымын. Тек солай айтып отырғаныңызды айтып отыр домбыра деп деймін.
Ештене де түсіңгенім жоқ))))неге гитара , қобыз емес ?!
0 дауыс
Жақсы қолданушы еді.. Арты қайырлы болсын.. Кеткеннің артынан кетпек жоқ.. Кеткен адамды жамандауға болмайды.. Сайтымыздың қағидасы бойынша арғы сайтқа жақсылап шығарып салайық, бауырлар.. Қош бол, Назымбек аға, арғы сайтта жайың модераторлықта болсын, аумин...
0 дауыс
Сау бол! Сұл сұрақ қойып, жауап алатын сайт.Бұл сайттың атауын өзгертіп қажет емес.
...