0 дауыс
1.3k көрілді
Сілтемелеріңіз болса көмектесуіңді сұраймын? "Мемлекеттік тілде іс қағаз жүргізу" тақырыбында мақала керек?

1 жауап

0 дауыс

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторы табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы»-деп айтқандай, мемлекеттік тілді дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз шаралар жүзеге асырылады.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы , «Тіл туралы» Заң  «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін әр министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.

Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оңын қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарқымен өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, қүқықтық, экономикалық маңызы өте зор.
Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең: олар-адамның күнделікті өмірінде жиі қолданылатын үлгілер. Іс қағаздарына, яғни, ресми құжаттарға: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, шарт, мінездеме, міндеттеме, қатынас, т.б. жатады.

Шартты түрде айтқанда, бұлардың ресми деп аталатын себебі-көбінесе бір түрде, біркелкі қалыптасқан үлгі бойынша жазылатындығы. Дегенмен олардың арасында айырмашылықтар да жоқ емес.Ондай ерекшеліктер іс қағазының кімге арналғаны, не үшін жазылғаны, жіберілетін жері және адамы, жазылғанның мазмұнына, соған орай, тілек, мақсат, қорытынды пікір, ұсыныс, талапқа байланысты болып келеді.

     Мәселен, хабарландыру, қолхат, сенімхат, анықтама көбіне бір түрлі, кейде біркелкі үлгі бойынша жазылса, әңгіме, мақала, күнделік, т. б.-шығармашылық жұмыстар.Өйткені, олардың біркелкі үлгісі жоқ.
Іс қағаздарындағы көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған нұсқасы бар. Кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасы да қазақшаланған нұсқасы да қатар қолданылып жүр.

      Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен де жауапты іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше іс қаағаздарының түрлі нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны жүйеге түсіру үшін де біраз уақыт керек болады. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің мақсаты іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің өз заңдылықтарын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.
     Тіл-адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс.Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысумен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси теттік ретінде ертеден-ақ пайдаланған.

             Аталғандарға қоса, Сарыарқа ауданының Әділет басқармасында іс қағаздар, жұмыс жоспарлары, оларды орындау материалдары, номенклатуралар, бұйрықтардың мемлекеттік тілде жүргізілетінін атап өтеміз. Заңды тұлғалардан келіп түсетін сауалдардың мемлекеттік тілде ұсынылуының да соңғы жылдары көбейгендігін байқауға болады.

...