+2 дауыс
2.8k көрілді
Тамақтан улану туралы сұрақтар-жауаптар қажет?

3 жауап

0 дауыс

Мынау және мыналар жарамайма?                                                            .

0 дауыс
Тағам токсикоинфекциясы деп іздесен көп мәлімет табылады.
0 дауыс

Тамақтан улану –  асқазан-ішекке тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі орган жұмысының бұзылуы.

Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп, ағзада улану процесін тудырады.

Уланудың белгілері қандай?

Тамақтан улану аз уақыттың ішінде болады. Бұл ауру кезінде науқастың бойында мынадай белгілер болады:

  • жүрек айну, құсу;
  • диарея (іш өту);
  • асқазан немесе ішек ауруы;
  • әлсіздік, ұйқы қашу;
  • бас ауруы.
  • Егер уақытында емделмесе, бұл белгілер күшейе түсуі мүмкін. Әсіресе, баланың улануы, белгілі бір аурудан енді жазылған егде адамның жағдайы тамақтан уланса өте ауыр болады.
  • Алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

    Ересек адам уланып қалса, тез арада «Жедел жәрдем» шақыру керек. Дәрігер келгенше кез келген улану жағдайында адам ағзасынан уды шығару немесе у қайтаратын амалдарға кіріскен дұрыс. Егер у тамақ арқылы түскен болса, уды шығарудың ең тиімді жолы – асқазанды шаю. Ол үшін науқасқа көп мөлшерде су беріп, тілдің тамырын саусақпен басу арқылы құсуын қадағалау керек. Егер жәбірленуші өзі мұны істей алмаса, көмектескен дұрыс.

    Кішкентай бала уланған сәтте дәрігерлерге баланың неден және қалай уланғанын айту керек. Оператор жедел көмек көрсету тобын шақырып, балаға “Жедел жәрдем” келгенше көрсетілетін алғашқы көмек жайлы айтады.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...