+2 дауыс
1.3k көрілді
Сананың улануы жайлы не білесіз? Кино, мульттардан.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазір көріп жүрген сериалдар,мултьфильмдер ішінде баланың санасын улайтындары жетерлік қой. Жазда бір ініме қаладан мультик дискет әкеліп , қатты ұрыс есітіп қалдым. Іші тола ұятсыз көріністер... құрысын . Жапондардың мультиктері оңбайды екен. Сәбилерге достық, сатқындық, табиғат, жануарлар туралы мультфильмдер көрсетіп, жақсы тәрбие беру керек басынан. Кәрістердің сериалдары біраз "иманжүзділеу" енді. Режисерларына рахмет дейік. Түріктің сериалдары сананы улайды. Ұлттық арнада көрсетіп жатқан <алғашқы махаббатты> айтам . Үйінде отырып екіқабат боп қалғанын ерлік санай ма қайдам?! Ұялып ,қымтырылып жасаған қателігіне өкінудің орнына <сүйемін оны> деп отырған қыз. Мектеп жасындағы оқушы. Қазаққа жат нәрселер бұлар. Көгілдір экранда көрсетіліп жатқан дүниелерге үңіле берудің қажеті шамалы.
...