+1 дауыс
308 көрілді
Сатып алған көлігімізді Салық басқармасында тіркеп қойдық. Кейін екінші көлік сатып алдық. Екінші көлігімізді тіркеу үшін салық басқармасына барғанымда, оның еш қажеті жоқ екендігін айтты. Бұл дұрыс па? Екінші көлікке салықты қалай төлеймін?

1 жауап

0 дауыс

ҚР Салық кодексінің 368-бабына сәйкес Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлiк құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі. Сонымен қатар, сатып алушы тарап үшін - салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.
Сонымен, жеке тұлғалар үшін сатып алынған көлікті қайтадан салық органдарына тіркеу қажеттілігі жоқ. Екінші көлікке салық төлеу міндеттемелері сатып алғаннан басталады. Ал салық сомасы меншік құқығына ие болған айдан бастап есептеледі. Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылатынын атап өткен жөн.

...