0 дауыс
31.5k көрілді
Менің 5 жасар інім бар. Неге екені белгісіз осы айдың 5-і күні інімнің ішінен бастап қызыл нүктелер пайда болды. Бүгінгі күнде қызыл нүктелер бетіне, қысқасы бүкіл денесіне шығып бара жатыр. Қызылша (краснуха) деп өзімізше диагноз қойып отымыз. Ұзын сөздің қысқасы: Қызылша ауруы қалай жұғады, қалай құтылуға болады? Ол ауру адамға қалай жұғады, ініме қалай жұғу мүмкін.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қызылша ветрянка емес, Краснуха.Бұл ауруларға қарсы екпе қойылады кішкентай кезінде сол екпені алмағаннан шығады .Ең алдымен дұрыстап анықтап алған жөн қандай ауру екенін.кішкентай кезінде шыққан жеңіл өтеді.
Рахмет! Сұрақты өңдеп қойдым.
0 дауыс
Ойнаған балалардан жұққан,
0 дауыс
Қызылша жұқпалылығы өте жоғары аурулар қатарына жатады.Әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндай жағдайда дәрігерлік көмек кереқ

Емдеу жолдары

    Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.

    Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.

    Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол беру қажет.

    Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.

    Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.

    Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.

Алдын алу

Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстау керек. Әсіресе, тамаққа жарымаудаң болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы турып, шетінемеуі ушін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.
Оқығанмын.
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме

Осыдан бір жыл бұрын менің сіңлім болған.Ол да краснухамен ауырған.Оның бетіне,аяғына яғни денелеріне көбейіп кетті.Оның краснухасы 1
0 дауыс
кызылша ауруына су тигизсе болама
0 дауыс

Сәлем smileyОразаларыңыз қабыл болсын менің сұрайын дегенім жасым 13те ораза ұстап жүр едім аяқ астынан қызылша болып қалдым енді нестеймін әрі қарай жалғастырамын ба Или уже оразам бузылдыма 

...