+4 дауыс
37.5k көрілді

Ойбай маған ветрянка (қызылша) шығып келеді не істесем болады? Зеленка жағу керек дит қой,басқа қандай ем қабылдаса болады?

4 жауап

+1 дауыс

Зеленка жағып кетіруге болады. Немесе мына әдісті қолданым көріңіз: Жылы жуынатын су дайындап, ол суға тұз салыңыз. Содан кейін ешқандай сабын да емес, сусабын да емес, тек қана сол тұзды суды үстіңізге өлшеп отырып құйыңыз, құю кезінде денеңізді уқалап, ысқылап орындағаныңыз тиімді.

+1 дауыс

Сөзіңізге қарағанда,сізге енді шығып келе жатқан сияқты.Негізі ветрянка кезінде суға түсуге болмайды, ол одан сайын өрши түседи және іріңдеп кетуі мүмкін.Зеленка жағып қойыңыз,4-5 күнде бәрі түгелдей шығып бітеді.Сол 5 күн ең жұғатын(басқаларға) кез болып табылады. 10-15 күннен кейін марганцовкаға түсіңіз орташа қызыл қылып.Және сізге көп терлеу керек ,сонда жылдам кетеді. Супрастин ішіңіз.Себебі қатты қышиды.                                P.S менің қыздарыма шығып бітейін деп қалды.

0 дауыс

Қызылша- ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ол аурумен балалар жиі ауырады, кейде ересектер арасында кездесіп, ауыр түрде өтеді. Көп адамдар қызылшаның бастапқы кезеңін тұмау, жедел респираторлық вирус инфекция ауруларымен, ал бөртпе шыққан кезеңде аллергиялық аурулармен шатастырады.

Қызылша ауруын қоздырушы морбилливирустар. Ол науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа арқылы жұғады.  Қызылша тыныс жолдарының шырышты қабатының қабынуымен, улану белгілерімен, дене қызуының көтерілуі, коньюнктивит, катаральді белгілерімен сипатталады. Қызылшаның міндетті түрдегі белгісінің бірі - дақты-папулезді бөртпелер. Ол аурудың 3-4-ші  күні  шығады. Аурудың клиникалық белгілері науқас адаммен қарым-қатынаста болған күннен бастап 7-13 күн аралығында көрініс бере бастайды. Бұл кезеңді инкубациялық, яғни жасырын кезең деп атайды. Одан кейін аурудың белгілері айқын білінеді. Ол үш кезеңнен тұрады: бастапқы кезеңі 3-5 күн, бөртпе шығу-3 күн, дақтану- 2 аптаға дейін созылады.

Аурудың бастапқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрыннан су ағады. Сонымен қатар коньюнктивит, қатты жөтел, круп синдромы дамуы мүмкін. Ұрттың шырышты қабатында қызыл жиекпен қоршалған ұсақ ақ дақтар шығады, ал таңдайында энантемалар пайда болады. Кішкентай балаларда іштің өтуі мүмкін. Ересек балаларда құсу ,мұрыннан қан кету және іші ауруы мүмкін. 

Ал бөртпе шығу кезеңінде дене қызуы қайтадан жоғары сандарға көтеріледі. Бөртпе тері жабындысының өзгермеген бетіне шығып, өте көп болады немесе кейде, керісінше, аз мөлшерде әр жерде орналасуы мүмкін. Бөртпелер кезек-кезек: 1-ші күні бетіне, мойнына, 2-ші күні – денесіне, 3-ші  күні аяқ – қолдарына шығады. Бөртпелердің кезек бойынша шығуы – қызылшаның маңызды диагностикалық көрінісі болып табылады. 3-4 күннен бастап бөртпелер қоңырланады, сонан соң дақтар қалады, дене қызуы басталады. Дақтар 1-1,5 апта бойы сақталады.  

Кейбір егу жүргізілген балаларда бөртпелер аз шығып , ауру жеңіл түрінде өтеді және жылдам жазылады. 

Егу жүргізілмеген адамдарда қызылша ауыр өтеді, егер олар уақытында емделмесе асқынулар дамуы мүмкін. 

Егер науқастарда асқыну болмаса, онда арнайы ем жүргізудің қажеті жоқ. Дене қызуы қайта көтерілген науқаста отит, пневмония, ларинготрахеит, энцефалит, менингит сияқты асқынулар дамуы мүмкін.        

Есіңізде сақтаңыз!   

Қызылшамен ауырған баланың  бөртпесін бриллиант көгін, калий перманганаты ерітіндісін жағудың, егер қышыну белгілері болмаса, аллергияға қарсы антигистаминді дәрілерді берудің қажеті жоқ.

Жұқпалы ауруды таратпау үшін дене қызуы котеріліп, катаральды белгілер басталған баланы емханаға алып бармай, дәрігерді үйге шақырған жөн.

Қызылшаның ауыр түрі мен асқынулары дамыған науқастарды, әсіресе ол кішкентай балаларда болса, міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керек.

 

 Жумабекова  Гаухар Талисбайқызы

Жаңаөзен  қалалық  балалар емханасының инфекционист-дәрігері

Рахмет, Гаухар Талисбайқызы.
0 дауыс

біздің сыныптың оқушыларына қызылша жұғып жатыр бір оқушыға шығып еді қалғандарына да жұғып кетті сыныпта 23 оқушы болса оның 10-ына қызылша жұқты енді мағанда шықпас үшін не істесем болады ? қалай алдын алуға болады

...